«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының 22-ші мәжілісі

2017 жылы 12-қыркүйекте  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі  Д.Р.Әбілғазиннің төрағалық етуімен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұнай-газ өндірісі комитетінің (бұдан әрі - «Атамекен» ҚР ҰКП МГӨК) кезекті 22-ші мәжілісі өтті.

Мәжіліс күн тәртібінде ҚР-дағы ЖЖМ нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге байланысты өзекті мәселелер, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік нысандарын, мұнай өнімдері базасын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын бақылау-есепке алу аспаптарымен  (БЕА) жабдықтауды іске асыру мәселесі  қаралды, сонымен қатар «KAZENERGY» қауымдастығы қызметтерінің ағымдағы жай-күйі туралы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасын және ҚР Салық кодексі жобасын әзірлеу шеңберіндегі жұмыстардың жүргізілуі туралы есеп ұсынылды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс  жобасын әзірлеу жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы З.М.Ноғайбай баяндады. Мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделер балансын сақтау, қолданыстағы және келешек КСШ тарабынан Республика мүддесінің тиісті деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету, әлемде мұнай бағасы төмендеп тұрған жағдайда Қазақстанның мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру,  саланың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және залықты жұмыспен қамтуға қосатын үлесін ескере отырып тұрақты дамуын қамтамасыз ету, жер қойнауын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеу және бақылаудың адекватты деңгейін сақтау, құқықтық реттеу тұратылығын арттыру негізгі тұжырымдамалық міндет болды.

Елбасының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам. Атап айтқанда 75-қадам бойынша – озық әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазбаларға келісімшарттарды жеғңілдетілген әдіспен жасауды енгізу» бойынша тапсырмасына сай, КСШ саласында базалық тәсіл ретінде жер қойнауын пайдаланушыларға байқауды (аукционды) пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданды, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекетпен қарым-қатынасын реттеу үшін контрактілік модель сақталды.  

Оған қоса жер қойнауын тиімді игеру қағидаты және аталған қағидатты іске асырудың құқықтық және институционалдық шаралар жүйесі сақталды.

Жаңа Кодекстегі барлық жаңалықтар келісімшарттармен жұмыс істеу барысында туындайтын барлық рәсімдерді нақты реттеу арқылы геологиялық барлауды инвестициялауды ынталандыруға, келісімшарттардың қол жетімділігін жеңілдетуге және  құзыретті органға қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың заңды мүддесін қорғауға бағытталды.

Жаңа  Салық кодексі жобасын әзірлеу шеңберіндегі ағымдағы жұмыстар туралы «Казэнерджи» қауымдастығының басқарушы директоры Н.Жанекенов сөз сөйледі.

Осы құжатты әзірлеуді мақсаты салық салу мәселелері бойынша идеологияны салық төлеушінің пайдасына қарай өзгерту, пайдалану рәсімдерін жеңілдету, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, тиімсіз жеңілдіктерді алып тастау, жер қойнауын пайдалану және Қазақстан экономикасының басқа салаларын  инвестициялауды ынталандыру,  болып табылады.  Осы мәселені талқылау кезінде комитет мүшелері тарабынан жер қойнауын пайдалану және салық салу заңдарын әзірлеуді үйлестіру мәселелері бойынша  ұсыныстар берілді.

Сонымен бірге БЕА орнату бойынша бағдарламаны іске асыру бойынша  ағымдағы жағдай мәселесі қаралды. Атап айтқанда «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тараптардың  өкілдерінің Астана қ. ЖЖМ айналымы және сақтау нысандарына барып өткізген көшпелі мәжілістерінің нәтижесі бойынша ақпарат ұсынылды. Мәжілстердің нәтижесі бойынша БЕА жұмысының қателіктері және ЖЖМ техникалық ерекшеліктеріне, аспаптардың жұмысына температуралық өзгерістердің және отын қондырғыларының және т.б. әсер етуіне байланысты ЖЖМ мұнай базаларынан қате деректер алу туралы қауіптер расталды. Ұсынылған ақпаратты ескере отырып комитет мүшелері ҚР үкіметіне осы бағдарламаны іске асыру ұсынысының тиімсіздігі  туралы ұсыныс жасау қажет деп шешті.

Оған қоса «Атамекен» ҰКП-де аккредиттелген бірқатар қауымдастықтардың ағымдағы жұмыстары және есептілігі мәселелері талқыланып, олардың әрі қарайғы жұмыстары бойынша ұсыныстар берілді.

Комментарий