«KAZENERGY» Қауымдастығының Адам капиталын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы.

2017 жылдың 19-20 қазанында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президент Абденов С.С. төрағалығымен Адам капиталын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысы болды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар шақырылған қонақ ретінде мұнай-газ кешенінің жұмыскерлер кәсіптік одағының өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесі отырысының шеңберінде бірқатар сұрақтар, атап айтқанда Қауымдастықтың Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының құқық қолдану тәжірибесін талдау бойынша сараптау тобының құрамында жұмыс істеуі туралы мәселе қарастырылды. Отырыс қатысушыларына Сараптау тобының ағымдағы жұмыс мәртебесі ұсынылды, көбірек өзекті ескертпелер мен ұсыныстар пәндік талқыланды. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша өзекті қылған ескертпелер мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенге» жіберуге шешім қабылдады.

Үйлестіру кеңесінің қатысушыларымен мұнай-газ саласының Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия құрамындағы әлеуметтік серіктестік тараптарының жұмысы талқыланды. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің және «KAZENERGY» Қауымдастығының өкілдері сөз сөйледі. Үйлестіру кеңесінің шешімімен әлеуметтік серіктестіктің, сондай-ақ 2017-2019 жылдарға Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің өзекті сұрақтарын 2017 жылдың қараша айының соңына алдын ала белгіленген Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына шығару ұсынылды.

Үйлестіру кеңесінің қатысушыларымен Қауымдастықтың 2017 жылдың 9 айы үшін жасалған жұмыстардың қорытындысы туралы, соның ішінде, Әйелдер Энергетика клубының 3-ші форумы, «KAZENERGY» Қауымдастығының 11-ші Еуразия форумы шеңберіндегі «Болашақ энергиясын құру» Жастар форумы туралы ақпарат тыңдалды. Үйлестіру кеңесі мүшелерімен «KAZENERGY» Қауымдастығының осы бағытта өткізілген сәтті әрі жемісті еңбегі атап өтілді.

Ernst&Young компаниясының өкілдерімен «Ел дамуына бизнестің қосқан үлесін бағалау» тақырыбына семинар өткізілді. Тақырыпқа деген қызығушылық әртүрлі экономика салаларының ел дамуына қосатын толық үлесін бағалау туралы білімдерді алу мүмкіндігімен байланысты. Отырыс қатысушылары ел экономикасына қосылатын толық үлесті бағалауды өткізу әдістемесімен толық таныстырылды, бизнесті сәйкес бағалауды өткізудің мақсатқа лайықтылығы туралы білді. Семинар ұйымдастырушылары тыңдаушыларды мұндай бағалаудың шешімдер қабылдауда бизнеске қалай көмектесетіні туралы, сондай-ақ бағалау нәтижелері коммуникация құралы ретінде, соның ішінде компанияның корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жұмыстар шеңберінде қалай пайдаланыла алатындығы туралы хабардар етті. Семинар аяқталғаннан кейін отырыс қатысушыларына Ernst&Young компаниясынан  сертификаттар тапсырылды.

Үйлестіру кеңесі отырысында «Тенгизшевройл» ЖШС Адам ресурстарын басқарудың бас менеджері тұлғасында Алтыбаева Шолпан Батырбековна Үйлестіру кеңесінің тең төрағасы болып сайланды, сондай-ақ «KAZENERGY» Қауымдастығының Адам капиталын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы жаңартылды.index.jpgFullSizeRender_1.jpg

Комментарий