Үкіметтің қаулысымен Болат АҚШОЛАҚОВ Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Болат Оралұлы АҚШОЛАҚОВ Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің https://primeminister.kz ресми сайты.

Үкіметтің қаулысымен Болат Оралұлы АҚШОЛАҚОВ Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің https://primeminister.kz ресми сайты.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995–1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997–2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.

2003–2006 жылдар аралығында — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008–2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен. 2012–2014 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.

ABU_new.jpg

Комментарий