Әсет МАҒАУОВ KAZENERGY қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды

KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы ҚҰЛЫБАЕВ Тимур Асқарұлының бұйрығымен МАҒАУОВ Әсет Маратұлы 2017 жылғы 4-желтоқсанда «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры қызметіне тағайындалды.

Өмірбаяны:

Әсет МАҒАУОВ 1994 жылы  И.М. Губкин атындағы Москва мұнай-химия және газ өндірісі институтының ЖЭК саласындағы  экономика және басқару факультетін аяқтады. 

Халықаралық Валюта Қорынан және Азия Даму Банкінен тағылымдамадан өтті. 

1994-1998 жылдары - экономист, «Теңізмұнайгаз» АҚ жоспарлау-экономикалық талдау бөлімі бастығының орынбасары;

1998-2001 жылдары – ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде еңбек етті;

2001 жылы – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің бас менеджері,

2001 – 2001 жылдары - «Мұнай және газ транспорттау» ҰК» АҚ сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары;

2002-2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ТШО-дағы үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары, департамент директоры;

2004-2006 жылдары – «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары;

2006-2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-дегі үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;

2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;

2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі;

2011-2012 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры;

2012-2016 жылдары - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;

2016-2017 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі.

04.12.2017 ж. бастап –KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

G34A9451.jpg

Комментарий