top
top
Жаңалықтар

5-желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) «Индустриалдық және ғылыми химия: химия туралы білім болашақта қалай өзгереді?» тақырыбында «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» шеберлік кластары сериясының бірінші күні өтті

Бұл шараны «KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы ұйымдастырды.


Шеберлік класына спикер дәрежесінде қатысу үшін ресейлік химик ғалымдар шақырылды: А.М.Скундин, химия ғылымының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының А.Н.Фрумкин ат.

DSC_9994.jpg
Физикалық химия және электрохимия институтының «Тоқтың химиялық көздеріндегі процестер» зертханасының бас ғылыми қызметкері және К.Ю.Жижин, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының Н.С.Курнаков ат. Жалпы және бейорганикалық химия институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, Москва технологиялық университетінің профессоры.

DSC_9865.jpg
Сессияға химия ғылымының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технологиялар факультетінің деканы Оңғарбаев Ердос модератор болды

Сессияға химия ғылымының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технологиялар факультетінің деканы Оңғарбаев Ердос модератор болды


DSC_9874.jpg
Шеберлік класы барысында қызықты әрі танымдық диалог өрбітілді: спикерлер өздерінің табыс жолы туралы әңгімелеп берді, химияға деген қызығушылығы қалай оянғаны туралы да айтып өтті, эксперименттік және теориялық химияға жасаған алғашқы қадамдарын еске алысты. Қазіргі білім саласындағы жаратылыстану ғылымдары бағытын дамытудың маңызын атап көрсетті, 24 сағат ішінде демалыс пен ғылымға қалай уақыт табу керектігі туралы ой бөлісті.

Қатысушылар ғалымдарға сұрақ қойды. Атап айтқанда студенттерді мына тақырыптар қызықтырады: табиғи ресурстарды игеруді белсендіруге байланысты ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуге химик ғалымдар қандай үлес қосты; химиялық индустрияны дамыту үшін жас ғалым немесе қазіргі студент қандай іспен айналысуы тиіс; -ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың ауқымы қандай, өз елімізде талантты жастарды ұстап қалу үшін қандай шаралар қолданылуы тиіс және т.б.

Жижин Константин бұл шараның студенттер үшін ғана емес, шақырылған сарапшылар үшін де пайдалы болғанын, жастарды ғылымдағы қандай өзекті мәселелер қызықтыратынын танып-білгенін атап көрсетті.

Скундин Александр былай деді: «Химия —эксперименттік ғылым және біршама деңгейде ол нақты ғылым, сонымен қатар оны өнер деуге де болады. Соңғы уақытта литий-йондық аккумуляторлармен айналыса жүріп мен құрамы сипатталған және белгілі материалдардың өте көп екеніне және де іс барысында оның әрқайсысы әртүрлі екеніне талай рет көз жеткіздім. Менің жас ғалымдарға берер кеңесім мынандай: әрбір химик тамаша экспериментатор бола отырып тұрақты түрде өзін-өзі жетілдіріп отыруы, өзінің көзқарасын кеңейтіп отыруы тиіс, сол кезде ғылым жолындағы бағытында перспективаларға қол жеткізе алады».

Шеберлік класынан кейін әл-Фараби ат. ҚазҰУ кафедра меңгерушілерімен жұмыс кездесулері өтті, сонымен қатар қонақтарға әл-Фараби ат. ҚазҰУ химия факультетінің және физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының зертханалары көрсетілді. Ғылымды дамыту шеңберінде өзара ғылыми байланыстарды күшейту және нығайту қажеттігі атап көрсетілді.

Анықтама:

Биыл IX KAZENERGY Жастар форумы (KAZENERGY қауымдастығының адами капиталды дамыту бойынша қызметі) және «Шелл Қазақстан» компаниясының STEM (ғылым, технология, инжиниринг және математика саласында білім беру) саласындағы әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның техникалық университеттерінің студенттерін «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған болашақ энергия тақырыбында ерекше және инновацияолық идеялар әзірлеуге талаптандыруға бағытталған «Student Energy Challenge» интеллектуалдық байқауы өтті.

Байқаудың қорытындысында үш жеңімпаз команда анықталды:

– «Synergy», әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 1-орын;

– «NU Arlans» Назарбаев Университеті, 2-орын;

– «Шығармашылық Одақ», М.Қозыбаев ат. СҚМУ, 3-орын.

Жеңімпаздар «Шелл Қазақстан» компаниясының 10 000, 5 000 және 3 000 евро көлеміндегі сыйлығымен марапатталды. Жеңімпаз команданың жоғарғы оқу орнының аумағында «Кәсіпқойлармен диалог» шеберлік класының өткізілуі де ұйымдастырушылардың қосымша бонусы болып табылады.

Шеберлік кластарында мынадай үш бағыт бойынша танымал ғалымдармен кездесу өткізіледі деп жобаланып отыр: индустриалдық және ғылыми химия, ғылым және жобаларды коммерциялау, жұмысқа орналасудың қыр-сыры.

Шеберлік кластары мына күндері өтеді: 2017 жылы 5 және 6 желтоқсанда (сағ. 9.30-дан 14.00-ге дейін) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініңстуденттеріне және Алматы қ. барша студенттеріне арналады.



6.12.2017 ж. бағдарламасы

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.