top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әсет МАҒАУОВ Сыртқы істер министрлігінің "Қазақстан Республикасының дипломаттық қызметіне 25 жыл" естелік медалімен марапатталды

Осы награда Әсет Мағауовқа Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының, сонымен қатар Қазақстан-Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық саласындағы комитеттің тең төрағасы дәрежесінде атқарған еңбегі үшін берілді.

Награданы қауымдастық төрағасының орынбасары, ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Жамболат Сәрсенов салтанатты түрде табыс етті. Ол шетелдік компаниялармен қарым-қатынас жасау KAZENERGY басты бағыттарының бірі болып қала беретінін айтып өтті. Әсет Мағауов табысты халықаралық әрекеттестікке зор үлес қосуда, ол жөнінде елімізде еңбек етіп жатқан шетелдік әріптестер оң пікір білдіріп отыр.

Сонымен қатар адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директор Ляззат АХМУРЗИНАҒА білім беру саласына зор үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғысы табыс етілді.


IMG_8402.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.