top
top
Жаңалықтар

«STUDENT ENERGY CHALLENGE» ЗИЯТКЕРЛІК КОМАНДАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

«KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттік командаларының арасында энергетикалық міндеттердің әлеуетті инновациялық шешімін ұсынуға «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауын өткізеді.
Байқау мақсаты: Қазақстанның студент жастары арасында энергетикалық міндеттердің инновациялық шешімін дамытуды қолдау.

Байқау міндеттері:
  • студенттердің кәсіптік және жеке әлеуетін дамытуға жәрдемдесу;
  • энергетиканың маңыздылығын және онымен байланысты проблемаларды барынша кең түрде түсінуді ынталандыру;
  • инженерлік ойлау мен шығармашылықты дамытуды қолдау;
  • қатысушылар арасында байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және өзекті білім алуға жәрдемдесу;
  • қазақстандық студенттерге индустрияның озық тәжірибесін және техникалық дағдыларын беру.

Байқау туралы ақпаратпен (тіркеу нысаны, ережесі, өткізу кезеңдері, өткен жыл байқауының қорытындысы бойынша буклет) «KAZENERGY» сайтында мына бөлімде танысуға болады: Басты→ Қызметтері→ Білім беру бағдарламасы→Байқаулар (сілтеме: http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/).
sec_.jpg
Байқауға қатысуға ниет білдіргендер команда құрып, а.ж. 15 мамырға дейін ашық болатын тіркеу нысанын толтыру жолымен (жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша) тіркелу қажет. Бірінші кезеңге өту үшін тіркелген командалар команда және жоба туралы қысқаша бейне-түйіндеме жіберу қажет. Командалардың бейне-түйіндемелерін қарау қашықтықтан командалардың жеке қатысуынсыз жүргізіледі. Іріктеу өткізілгеннен кейін соңғы кезеңге 8 команда өтеді, олар жобасын (толық ақпаратпен) Дүниежүзілік мұнай конгресінің халықаралық конференциясы шеңберінде Астана қаласында 2018 жылғы 2-3 қазан күні қазылар алқасы алдында қорғау қажет. Презентация қорытындысы бойынша 3 команда финалға өтіп, өз жобаларын «Elevator pitch» стилінде таныстырады.

Ұсынылған жобаларды әрі қарай іске асыру үшін жеңімпаз атанған командалар «Шелл Қазақстан» компаниясы атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталады: I орын үшін – 10 000 АҚШ доллары, II орын үшін – 5000 АҚШ доллары, III орын үшін – 3000 АҚШ доллары.

Сонымен қатар конкурс аяқталған соң 2018 жылғы 4-5 қазанда барлық 8 команда үшін «Ойлаудың жаңа технологиялары» Nxplorers тренингі өтеді.
Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Жұмадилова Данараға 8 (7172) 79-01-74 телефоны бойынша danara@kazenergy.com жолығуға болады. VIP_1055-min_.jpg VIP_0968-min_.jpg VIP_1075-min_.jpg VIP_1085-min_.jpg VIP_1042-min_.jpg VIP_1065-min_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.