top
top
Жаңалықтар

Қазақстандық делегация Хорватияның Премьер-министрімен кездесті

Екі елдің Загреб қаласында өткен Іскерлік кеңестің алғашқы отырысы шеңберінде Андрей Пленковичпен кездесу өтті.

Тараптар өзара сауда көлемін арттыру бөлігінде Қазақстан мен Хорватия арасындағы іскерлік байланысты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. KAZENERGY басшысы Әлібек Қуантыров қазақстандық экспорт құрылымында отандық мұнайдың айтарлықтай үлесін атап көрсетті.

-Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдалануға мүдделіміз. Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы сауда және көлік жолдарын дамытуға күш салуда. Хорватияның стратегиялық орналасуы екі ел үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады,- деді Ә.Қуантыров.

Ол осы жылдың қаңтар айында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтіп, онда негізгі бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін еске сала кеті.

-Хорватияның Адриатика жағалауындағы географиялық орналасуы және дамыған инфрақұрылымы елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует береді. «ҚазМұнайГаз» хорватиялық JANAF компаниясымен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сақтау саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге мүдделі, деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Болат Закиров.

-Қазіргі уақытта Қазақстан Транскаспий бағытын белсенді түрде дамытуда. Мысалы, «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысы алдағы жылдары Каспий теңізіндегі теңіз флотын (танкерлер, паромдар және т.б.) 10 бірлікке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Біз хорватиялық кеме жасаушыларды қазақстандық флотты дамыту жобаларына тартудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз, - деді «Қазтеңізкөлікфлоты» АҚ бас директоры Айдар Оржанов.

Өз кезегінде, А.Пленкович Қазақстан мен Хорватия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, екі елдің тауар айналымын арттыруға әлеуеті зор екенін атап өтті.

photo_5283101389930750050_y.jpg

photo_5283101389930750051_y.jpg

photo_5283101389930750052_y.jpg

photo_5283101389930750053_y.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.