top
top
Жаңалықтар

Жаңа қазақстандық сыныптама тұжырымдамасы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының ресурстарды басқару мәселесіне арналған жыл сайынғы апталығында ұсынылды

KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Фархат Абытов Женевада өткен Resource Management Week 2024-ке қатысты.

Ф.Абытов негізгі үш қағидаға негізделген қорлар мен ресурстардың жаңа қазақстандық сыныптамасының тұжырымдамасын ұсынды:
  • жер қойнауын кешенді және ұтымды пайдалану;
  • PRMS (PRMS based) жүйесі бойынша қорлар мен ресурстардың дұрыстығын анықтау;
  • кеніштердің түрі, пайдалану мерзімі және кен орындарын игеруге әсер ететін басқа да факторлар бойынша жіктелуі.
Сонымен қатар ол Орталық Азияда (ICE-SRM CA) тұрақты ресурстарды басқару бойынша Халықаралық озық тәжірибе орталығын құруға арналған Ресурстарды басқару бойынша сарапшылар тобының 15-ші сессиясында да сөз сөйледі.

ICE-SRM CA – өңірлерде тұрақты даму және тұрақты ресурстарды басқару принциптерін жүзеге асыру үшін қазіргі уақытта бүкіл әлемде құрылып жатқан орталықтардың бірі. Сессия барысында Ұлыбританияның, Мексиканың, Ресейдің және Орталық Азия, Африка, Еуропалық Одақ елдерінің орталықтары таныстырылды.

KAZENERGY-дің Resource Management Week 2024 апталығына қатысуы Қауымдастықтың озық тәжірибені енгізуге және Қазақстанның әлемдік энергетикалық индустриядағы ұстанымын нығайтуға деген ұмтылысын растайды. Resource Management Week 2024 – әлемнің жетекші сарапшылары мен энергетикалық компаниялардың өкілдерін біріктіретін жаһандық іс-шара.

IMG_9762.JPG

IMG_9765.JPG

IMG_9763.JPG

IMG_9761.JPG

IMG_9766.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.