top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY сәуір айында атқарылған жұмысты қорытындылады

Астанада Қауымдастық қызметкерлеріне арналған "Town Нall Мeeting" өткізілді. Онда аралық қорытындылар шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар белгіленді.

KAZENERGY Бас директоры Әлібек Қуантыров өз сөзінде Үкіметпен, Парламентпен және Қауымдастық мүшелерімен тығыз жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

-Мәжіліс кәсіпорындар қызметінің салдарын жоюға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындауды бес жылға кейінге қалдыруды көздейтін Экологиялық кодекске түзетулерді мақұлдады. Экологиялық нормативтерді бекітуді 2031 жылдың 1 қаңтарына қалдыру туралы келісімге қол жеткізілді. Саланың мүддесін қорғау үшін проблемалық экологиялық мәселелер бойынша ортақ ұстанымды әзірлеу үшін Энергетика министрлігімен өзара іс-қимыл күшейтілді, - деді ол.

Сондай-ақ «Мұнай-газ, химия өнеркәсібі туралы» заң жобасын әзірлеуді қаржыландыру мәселесі шешілгені айтылды. Жалпы, бұл саладағы жеке заң саланың дамуына үлкен серпін бермек.

-«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларына өзгерістер енгізілді. Түзетулер ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесін ұлғайту жөніндегі міндеттемелерді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында енгізілді, - деді Ә.Қуантыров.

Қауымдастықтың барлық мүшелерінің қызметі түрлерінің жиынтық талдауы дайындалып, Негізгі қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу үшін мемлекеттік органдарға жіберілді.

Халықаралық деңгейде де нәтижелі жұмыстар жүргізілуде:
  • Халықаралық еңбек ұйымымен әлеуметтік-еңбек саласын жақсарту туралы келісімге қол жеткізілді
  • Қазақстанның ұлттық комитеті Роттердамда өткен Дүниежүзілік Энергетикалық Конгрестің жұмысына алғаш рет қатысты
  • Қазақстан-Хорватия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті (Хорватия Премьер-Министрімен жеке кездесу өтті)
  • Қауымдастық мүшелерін тарта отырып, ӨСАБ (Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы) Халықаралық хатшылығымен кездесу өтті
  • Роттердамда Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің Төрағасы Майк Ховардпен, ДЭК Бас хатшысы Анжела Уилкинсонмен және БҰҰ ЕЭК өкілі Ива Бркичпен кездесу өтті. Энергетика саласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды
  • Жаңа қазақстандық сыныптама тұжырымдамасы Женевада БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының жыл сайынғы ресурстарды басқару апталығында ұсынылды және т.б.
"Town Нall Мeeting" қатысушылары әр түрлі ұсыныстармен сөз сөйледі. Бас директор Ә.Қуантыров атап өткендей, жақын болашақта KAZENERGY қауымдастығы қызметінің тиімділігін арттыру үшін оның Стратегиясын қайта қарау қажет.

photo_5309763619191380104_y.jpg

photo_5309763619191380109_y.jpg

photo_5309763619191380110_y.jpg

photo_5309763619191380112_y.jpg

photo_5309763619191380126_y.jpg

photo_5309763619191380127_y.jpg

photo_5309763619191380128_y.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.