top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылғы 29 қазанда Алматы қаласында KAZENERGY қауымдастығы Кеңесі төрағасының орынбасары Ұ.С.Қарабалинның қатысуымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті С.С. Әбденовтың төрағалығымен KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) өтті.
Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар отырысқа мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері қатысты.

Отырыс жұмысы кезінде үйлестіру кеңесінің мүшелері мен қатысушыларына адами капиталды дамыту шеңберінде Қауымдастық жұмысының мынадай нәтижелері ұсынылды:
  • әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, оның ішінде 2020-2022 жж. арналған жаңа салалық келісімді әзірлеуге 2019 жылы дайындалу саласындағы еңбек заңнамасын және өзге құқықтық және нормативтік құжаттарын жетілдіру бойынша;
  • мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия өнеркәсіптерінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақатты төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобының жұмыс барысы туралы;
  • Қауымдастықтың стипендиялы және гранттық оқыту бағдарламалары жөніндегі жұмыс органы және әкімшісі ретінде қызметі туралы;
  • Student Energy Challenge екінші байқауының және «Generation Energy» жастар конференциясының қорытындысы туралы.
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиясының жұмысына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Құқықты қолдану тәжірибесі жөніндегі сараптау тобының құрамына қатысуын жалғастыруды ұсынды.
Үйлестіру кеңесі адами капиталды дамыту саласындағы компаниялардың the best practice зерделеу практикасын ендірді. Отырыста Теңізшевройл (бұдан әрі – ТШО) компаниясының ТШО жұмыскерлері мен отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету қызметін енгізу және жұмысы бойынша тәжірибесі және персонал санын басқаруға Шеллдің стратегиялық тәсілі көрсетілді.

Үйлестіру кеңесі отырысының мүшелері мен қатысушылары үшін Шелл компаниясы ұйымдастырған «Коучинг – көшбасшылықты дамыту негізі» атты воркшоп өткізілді. Воркшоп қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар алды.

unnamed_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.