Мұнай өнімдері туралы заңға түзетулер жанар-жағар майға деген тапшылықты және «сұр» экспортын төмендетеді

Мұнай өнімдері туралы заңға түзетулер жанар-жағар майға деген тапшылықты және «сұр» экспортын төмендетеді
Қазақстанның ЕАЭО елдеріне мұнай өнімдерін экспорттау кезіндегі мүмкіндіктерін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысында талқыланды.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуы бойынша, Еуразиялық одақ елдеріне экспорттау мұнай өнімдерін шетелге шығаруға экспорттық кеден бажының мөлшерлемесін төмендету туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін мүмкін болады.

2018 жылы Қазақстан Ресеймен екі жақты келісімге қол қойды және бензинді үшінші елдерге экспорттау мүмкіндігін алды.

«Қол қойылған келісімге Ресейден Қазақстанға және керісінше шығарылуға тыйым салынған немесе шығарылуы шектелген мұнай өнімдерінің тізімі тіркелген. Біз бензинді Қазақстан аумағынан ЕАЭО кедендік аумағынан тыс экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізбесінен бензинді алып тастауға қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігінің мұнай өнімдерінің ашық түсті түрлеріне ЭКБ мөлшерлемесін төмендету туралы бұйрығын қабылдауы күтілуде», - деп атап өтті Әсет Мағауов.

Өз кезегінде, Комитет төрағасы Данияр Абулгазин норма еліміздің экспорттық әлеуетінде оңтайлы әсер ететіндігін және мұнай өнімдерінің «сұр» экспортын төмендетуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

Сонымен қатар ол әр түрлі мұнай өнімдерінің түрлері бойынша (мысалы, газахол, бензахол, нефраз және т.б.) проблема бар екенін айтты, оларды кейбір тауарларды жосықсыз өндірушілер бензин және отын ретінде экспорттайды. Осындай мұнай өнімдерін экспорттауды реттеу тетігі мемлекеттік стандарттарды дайындау мәселелерін шешу және экспорттық кеден баждары түріндегі экономикалық тетіктер болуы мүмкін.

«Салаға осы норма қажет болды. Бүгінгі күні мөлшерлемені төмендету мұнай өнімдерінің артығын экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. МӨЗ жаңғыртудан кейін біз мұнай өнімдерінің профицитін сезіндік, осыған байланысты қайта өңдеу көлемі төмендеді. Министрліктің экспорт бойынша белгілеген жоспары «сұр» экспортты төмендетуге көмектеседі және бақылаусыз экспортқа және мұнай өнімдерінің ішкі нарығында дефициттің туындау фактілеріне жол бермейді», - деп, атап өтті Данияр Абулгазин.

Сонымен қатар шикі мұнай мен оны қайта өңдеу тауарларына шығарылатын кеден баждары мөлшерлемесінің есебіне де өзгерістер енгізілді. 2019 жылдан бастап Ресей әдістемесіне ұқсас бензин мен дизельді отынға ЭКБ мөлшерлемесін мұнайға ЭКБ мөлшерлемесіне тікелей байланыстыру қолданылыста.
Отырыс барысында ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Атап айтқанда, «Kazenergy» қауымдастығы 52 түзету енгізілді, оның 10 мақұлданды.

«Алғашқы кезде біз 52 түзету енгіздік, оның 17 құрама СК-ге енгізілді. Алайда, ҚР Экономика министрі оның 10 қабылдады. Қазіргі уақытта біз ҚР ҰЭМ-не 7 түзетуді алып тастауды түсіндіру үшін хат жібердік», - деп, «Kazenergy» қауымдастығының қаржы-экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрлан Жанекенов баян етті.

Бұдан басқа күтілетін өзгерістер өндірістік қажеттіліктер үшін техногендік суды жіберу және қабатты суды пайдалану кезінде ПҚӨС мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша қаржы міндеттемелерін жүктейді. Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде қаралуда.
Бензин тасымалдаушылар мен газ тасымалдаушылардың осьтік жүктемесінің мәселесі шешілді. Бұдан бұрын заңнаманың қолданыстағы нормаларына сәйкес бөлінетін жүкті көлік құралдарымен тасымалдауға тыйым салынған.

Мәселені шешу үшін Қазақстан отын қауымдастығы бензин тасымалдаушылар мен газ тасымалдаушыларды өлшеу кезінде ір оське деген салмақты есепке алмай, жалпы салмақты ғана есепке алуды ұсынған. Алайда Парламент Мәжілісінің депутаттары тасымалдау бойынша талаптарды қатаңдатуды және жүк түріне қарамастан көлік құралдары үшін арнайы рұқсаттарды беруді алып тастауды ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары Евгений Больгерт атап өткендей, осы мәселе бойынша Қауымдастық Ұлттық палатамен бірлесіп, бірнеше рет мәжіліс депутаттарымен кездескен. Жұмыс қорытындысы бойынша цистерналарда тасымалданатын сұйық жүкті тасымалдаушыларға арнайы рұқсаттарды беру қажеттілігіне қол жеткізілді.


IMG_3020_.jpg

IMG_2996_.jpg

IMG_2994_.jpg

IMG_3017_.jpg

IMG_2981_.jpg
Комментарий