top
top
Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ 32-ОТЫРЫСЫ

А.ж. 12 желтоқсанда Ғылыми-техникалық кеңестің 32 отырысы өтті. Отырыста «НПО «Пермнефтегаз» ҮЕҰ» АҚБ, «МұнайСинтез-ҮЕҰ» ЖШС, «MAScom» ЖШС, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС өкілдері өз таныстырылымдарын ұсынды.

«Пермнефтегаз» ҮЕҰ» АҚБ коммерциялық мәселелер жөніндегі басшы орынбасары Стефан Нижник «Пермнефтегаз» ҮЕҰ» АҚБ қызметі, технологиялары туралы айты. «Пермнефтегаз» ҮЕҰ» АҚБ қызметінің негізгі бағыттары мұнай ұңғымаларында парафин-гидраттарымен күресу бойынша жабдық өндіру, электр сорғы агрегаттарын өндіру, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету және өндірілетін жабдықты жөндеу болып табылады.

«МұнайСинтез-ҮЕҰ» ЖШС директоры Амантай Сәбитұлы, «Күкіртті қосылыстарды жою бойынша жасыл технология». Амантай Сәбитұлы атап өткендей, «Мұнай-Синтез» компаниялар тобы күкірт сутегі мен меркаптандарды селективті түрде қышқылдандыру үшін «THIONOL» реагенттерн пайдалануға негізделген технологияны ұсынды.

Сергей Отройцев, «MAScom» ЖШС техникалық директоры «MAScom қоспасы» тақырыбымен сөз сөйледі. «MAScom» ЖШС MAScom сауда маркасымен химиялық реагенттерді зерттеумен, әзірлеумен, өндірумен және жеткізумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы алғаш компаниялардың бірі болып табылады.

Серіктестіктің өнім ассортиментіне автомобиль бензиніне, дизельді және пеш отынына, мұнай мен мазутқа қоспалар кешені, сондай-ақ көмірсутек шикізатты өндіру, дайындау және тасымалдау үшін реагенттер кіреді.

Серіктестіктің өнімі өнімнің осы түріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ айтарлықта бәсекеге қабілетті баға артықшылығы бар.

Бауыржан Әлжанов, Заместитель Генерального директора ТОО «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС бас директорының орынбасары және Ольга Горовых, Беларус Республикасының ТЖМ Азаматтық қорғау университеті қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты арнайы даярлау кафедрасының профессоры «TAZA» - жоғары тиімді табиғи мұнай сорбенті» тақырыбын ұсынды.
«TAZA» мұнай сорбенті экологиялық таза табиғи материалдарды құрайды. Бұл қазақстандық-беларус жұмысы, әзірлеушісі Бауыржан Әлжанов, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС бас директорының орынбасары және Ольга Горовых, Беларус Республикасының ТЖМ Азаматтық қорғау университеті қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты арнайы даярлау кафедрасының профессоры болып табылады. TAZA – Қазақстанда кең таралған табиғи материалдар талшықтары негізінде дайындалған және барынша қолжетімді және арзан, мұнай сорбент талаптарына жауап беретін мұнай сорбенті. Тіпті қалыңдығы 0,4–0,74 мкм болған мұнай және мұнай өнімдерінен су акваториясын толық тазарту мүмкіндігі бар.

IMG_4180@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.