top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы Digital Almaty 2024 форумында өз «Аналитикалық орталығын» таныстырды

2024 жылғы 1-3 ақпанда Алматы қаласында өткен Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумының «Үлкен деректер, болжамды аналитика және машиналық оқыту: тиімді шешімдер» панельді сессиясының шеңберінде KAZENERGY бас директоры қатысушыларға AppStream, Smart Software Solutions және ҚБТУ-мен бірлесіп құрған салалық сараптама-аналитикалық орталығымен таныстырды.

2023 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық Құрылтайының екінші отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысын сапалық аналитикалық қамтамасыз ету жұмысының қажеттілігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде: «Бізге тиімді жұмыс істеп, жоғары сапалы және сұранысқа ие зияткерлік өнімдерді ұсына алатын сараптамалық-аналитикалық орталықтарының қуатты желісі қажет», - деді. Мемлекетке әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу және елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін кешенді зерттеулер мен ұсыныстар өте қажет».

KAZENERGY қауымдастығы Мемлекет басшысының ұсынысына үн қосып, міндеттеріне ірі салалық жобаларды әзірлеудегі өзекті мәселелерді тәуелсіз талдау және мұнай, газ және энергетика өнеркәсібінің стратегиялық мәселелері жөнінде ұсынымдар жасау, оның ішінде орталық мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар әзірлеу кіретін мамандандырылған құрылым – «Аналитикалық орталығын» құрды.

Цифрлық форумда сөйлеген сөзінде KAZENERGY бас директоры К.Ибрашев аналитикалық орталықтың негізгі құралы оның «Деректер кітапханасы» салалық ақпаратты жинайтын талдау алаңы екенін айтты. Әрі қарай массивке жетекешілік етіледі, яғни оның өзектілігі мен дұрыстығы үнемі тексеріліп отырады.

Жиналған, өзектендірілген және тексерілген деректер негізінде Қауымдастықтың аналитикалық орталығы сипаттамалық, диагностикалық, болжамдық және нұсқамалық аналитиканы қоса алғанда, күрделілік деңгейі әртүрлі өнімдерді әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Кенжебек Ибрашев Қауымдастықтың аналитикалық орталығы әзірге бүкіл энергетика саласы бойынша ақпаратты жинау мен жан-жақты талдаудың тиімді және ашық жүйесін құруға, сондай-ақ ұлттық ақпараттық-талдау жүйесінің біріктірілген бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтті.

Ол KAZENERGY орталығының сапалы және уақтылы аналитикасы қысқа мерзімде мүдделі тараптарға шешім қабылдау үшін сенімді негіз береді және мемлекеттік органдар, энергетикалық компаниялар, отандық және шетелдік инвесторлар тарапынан сұранысқа ие болады деп үміттенетінін білдірді.

Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумы өткен екі күн ішінде қатысушылар мамандандырылған стендте Аналитикалық платформаның интерфейсімен және негізгі функционалдық мүмкіндіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Алдағы 2024 жылы KAZENERGY қауымдастығы өзінің серіктесі, отандық AppStream IT-компаниясымен бірлесіп, жаңа функционалдық және талданған бағыттар арқылы аналитикалық платформаны дамытуды жалғастырады: қазірдің өзінде енгізілген мұнай өндіру бөліміне, мысалы, газ, мұнай өнімдері, экология және электр қуаты қосылады.

АЛматы-цифровой-форум-К-Ибрашев.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.