top
top
Жоғары оқу орындарының суденттеріне арналған Сафи Өтебаев атындағы Шеврон стипендиясы
Жобаның демеушісі:

chevron_1.jpg

Стипендиаттарға арналған ақпарат

Жылына екі рет қысқы және жазғы сессиядан кейін KAZENERGY Білім беру бағдарламасы стипендиаттарының оқу үлгерімі тексеріледі. Осыған байланысты әр стипендиатқа сессия тапсырғаннан кейін төменде жарияланған сауалнаманы толтыру керек:

Стипендиаттардың оқу үлгерімін мониторингілеу


Сафи Өтебаев атындағы стипендиясына үміткерлерге арналған ақпарат

KAZENERGY Білім беру бағдарламасы мен ШЕВРОН компаниясының 11 жылдық ынтымақтастығына орай, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Сафи Өтебаевке құрмет көрсете отырып, KAZENERGY стипендиясына Сафи Өтебаев атындағы ШЕВРОН стипендиясы деген атау бергендігін хабарлайды.


Сафи Өтебаев туралы ақпарат

utebaev3.jpg


  • 1909 жылы 25 мамырда Гурьев облысы Карабатау ауылында туған.
  • 1935 жылы Бакин мұнай институтын тәмамдаған.
  • 1936-1945 жж. "Мақат" ,"Құлсары", "Комсомол" МӨБ-ның бастығы, инженер
  • "Ембімұнай" тресінің бас инженері.
  • 1945-1951 жж. Қазақстан КП Жылықос аудандық комитетінің бірінші хатшысы
  • 1951-1957 жж. Гурьев қаласындағы "Қазақстанмұнай" бірлестігінің бастығы.
  • 1957-1965 жж. Батыс Қазақстан және Гурьев облыстары кеңесхалшаруашылығы төрағасы.
  • 1965-1971 жж. Шевченко қаласындағы "Қазақстанмұнай" бірлестігінің бастығы.
  • 1971-1980 жж. Мемжоспар техникалық ақпараттар ҒЗИ директорының орынбасары.
  • 1980 жылдан бері дербес зейнеткер.
  • Ленин, Октябрь революциясы,
  • 2- дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Отан",
  • "Еңбек Қызыл Ту" (екі рет),
  • 1-дәрежелі "Барс" (2004) ордендерімен,
  • КССР-дің Құрметті мұнайшы медальдарымен марапатталған.
  • ҚазССР ғылым және техникаға еңбегі сіңген қайраткер.
  • Ақтау, Атырау қалалары, Жылықос ауданының құрметті азаматы.
  • Құлсары, Комсомол, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен, Прорва, Теңіз мұнай кен орындарын алғашқы ашушы.
  • Мұнай өнеркәсібін дамыту жөніндегі басылып шыққан 30 астам еңбектердің, қазақ тіліндегі екі естеліктер кітабының авторы.
  • 2007 жылы 12 сәуірде қайтыс болды.

ЖОО студенттеріне стипендия беру үшін студенттерді іріктеу өлшемдері


Үміткерлерді тіркейтін сауалнама


«KAZENERGY білім беру бағдарламасы» жобасына қатысу мәселелері бойынша бағдарлама үйлестірушісі Жұмәділова Данараға хабарласуға болады:
Тел. +7 7172 79 01 74,
Е-mail: danara@kazenergy.com


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.