Байқаулар
f42c80d9e4544261.jpg
«Құрметті достар, Қауымдастық атынан және жеке өз атымнан «Student Energy Challenge» байқаудың барлық қатысушыларына шын жүректен сәлемімді жолдаймын. Байқауды ұйымдастыру біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту бөлігінде өте маңызды оқиға. Бұл іс-шара дарынды жастарда зияткерлік дағдыларының дамуына жаңа көзқараспен қарауға, өз қатарластарымен тиімді өзара іс- қимыл жасау процесіне студенттердің қатысуын белсендіруге, тәжірибе алмасуға және энергетика саласындағы проблемалы мәселелерді шешудегі инновациялық әзірлемелерді табысты көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Шелл» компаниясына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз. Осы жоба, осы жылғы форум мазмұнды контентпен және қызықты кездесулермен есте қалатындығына, перспективалы идеялар мен бастамаларды ілгерілетуге себеп болатындығына үміттенеміз.»

Ұзақбай Қарабалин
«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары
5873333333.jpg
«Біз бұл байқауды «KAZENERGY» қауымдастығымен серіктестікте бастамашылық ету және қаржыландыру туралы шешім қабылдағанымызды мақтан тұтамыз, өйткені біз энергетиканың болашағы жас ұрпақтың қолында екендігінде сенімдіміз. Олардың тамаша идеялары бар және олар планета мен қоғам алдында тұрған міндеттерді, бастысы – жаһандық энергетикалық дилемманы энтузиазммен және терең түсінеді. «Student Energy Challenge» байқауы барысында келіп түскен жобалық идеялардың сапасы жоғары деңгейде болды, бұл Қазақстанның жаңа ұрпағының дарындылығын көрсетеді. Осы байқауға қатысу тәжірибесі барлық қатысушылардың өз идеяларын әрі қарай дамытуға және нақты шешімдерге айналдыруға ынталандырады деп үміттенеміз».

Оливье Лазар
Қазақстандағы «Шелл» концернінің Төрағасы мен Вице-президенті

Промежуточные итоги проведения конкурса

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Байқаудың қазылар алқасы құрамына өкілетті кәсіпқойлары кірді

f4.jpg Қ.М. Қабылдин
Каспий құбыр консорциумы бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары
f1.jpg Б. Хазелаар
«Шелл Казақстан» компаниясының бас директор
foto_3.jpg Х. Синду
"Шелл Қазақстан" ЖЭК жөніндегі жоба жетекшісі
f3.jpg Л. А. Мылтықбаева
«Ғылым қоры» АҚ Басқарушы директоры
f2.jpg Б. К. Исенов
«Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және Отын» департаменті директоры


«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауының буклеті, 2017 жыл

Вебинар өткізудегі әріптес:
EY_Logo.jpg


«Student Energy Challenge» байқауына қатысты сұрақтар мен жауаптар:

1. Байқауға қатысу үшін қалай тіркелу қажет?
Тіркелу үшін Қауымдастық сайтында (www.kazenergy.com) Басты → Қызметтері → Білім беру бағдарламасы → Байқаулар бөліміне өту қажет (сілтеме: http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/).
2. Байқауға жеке қатысушылар қатыса ала ма?
Жоқ, байқауға 3-5 студенттен тұратын командалар ғана тіркеле алады және қатыса алады.
3. Команда әртүрлі мамандықтардан/ курстардан/ университеттерден келген студенттерден құрыла ала ма?
Иә, студенттер кез келген комбинацияда команданы құрай алады, бірақ бір ЖОО атынан шыға алады.
4. Қазақстанның шекарасынан тыс ЖОО-да оқып жатқан студенттер байқауға қатыса ала ма?
Жоқ, байқау отандық техникалық ЖОО студенттеріне бағдарланған.
5. Байқауға жұмыс істеп жатқан мамандар қатыса ала ма?
Барлық командалар үшін тең шарттарды қамтамасыз ету үшін байқау бакалавриат және магистратура студенттеріне арналған.
6. Жасы бойынша қанда да бір шектеулер бар ма?
Байқауға қатысу үшін 18-29 жас аралығындағы студенттерден құралған команда жіберіледі (бакалавриат және магистратура).
7. Қазақстанның азаматы болып табылмайтын студенттер қатыса ала ма?
Егер команда қатысушысы қазіргі уақытта ҚР ЖОО студенті болса, онда азаматтығына қарамастан байқауға қатысуға құқығы бар.
8. Бейне-түйіндемені беру тіліне қатысты қандай да бір артықшылықтар бар ма?
Бейне-түйіндеме кез келген үш тілде: қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерде, бірақ орыс тіліндегі қысқаша тезиспен жіберіледі.
9. Жоба паспортын беру тіліне қатысты қандай да бір артықшылықтар бар ма?
Жобалар/шешімдер үш тілде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерде жіберілуі қажет.
10. Жобаны әзірлеу кезінде командалар оқытушылар (профессорлар) мен тәлімгерлерінің көмегіне жүгіне ала ма?
Команда байқауға ұсынылатын жоба олардың жұмысының және/немесе зерттеуінің нәтижесі болып табылатындығын түсінуі және мойындауы қажет. Тәлімгерлерінің көмегін кеңес алу мақсатында ғана алуға болады. Плагиатпен сақ болуыңызды және цитаталар мен тиісті дереккөз сілтемелерін көрсетуіңізді өтінеміз. Егер ұйымдастырушылар берілген өтінім команданың өз жұмысының нәтижесі болып табылмайтындығын анықтаса, команда байқаудан шеттетілетін болады.
11. Байқау барысында ұсынылған/әзірленген жобаға/шешімге деген зияткерлік меншік құқығы кімде болады?
Байқауға әзірленген/ұсынылған жобалар/шешімдер автор құқығында қалады.
12. Бейне-түйіндемені ұсыну мерзімін ұзартуға бола ма?
Бейне-түйіндемені ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы 15 маусым, осыған байланысты http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/ сілтемесі бойынша жылдам тіркелу қажет екендігіне назар аудартамыз.
13. Бейне-түйіндемені бағалау үшін қандай критерийлер пайдаланылады?
Бейне-түйіндемеге техникалық жағынан сияқты стилі мен мазмұнына да қатысты қойылатын талаптарды http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/ сілтемесі бойынша орналасқан байқау ережесінен қарауға болады.
14. Ұсынылған бейне-түйіндемені кім бағалайды?
Байқауға қатысушы командалардың бейне-түйіндемелерін қарау үшін ұйымдастырушылар өкілдерінен (мұмкін мемлекеттік органдардың және Қауымдастыққа мүше компаниялардың өкілдерінен) бағалау комиссиясы құрылатын болады.
15. Байқаудың қазылар алқасына кім кіреді?
Қазылар алқасы кейін хабарланатын болады. Барлық мүшелер тиісті біліктіліктері бар тәуелсіз қазы болады.
16. Жобаны қорғауға шықырылған командалар үшін сапар шығыны төленетін болады?
Иә, ұйымдастырушылар тарапы байқаудың соңғы кезеңін өткізу кезеңінде екі жаққа жол жүру, Астана қаласында тұру шығынын өтейді.
17. Байқау шеңберінде қосымша іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін бе?
Иә, байқау кезеңдерінің арасында қатысушы командалар үшін вебинарлар (онлайн оқыту) ұйымдастырылатын болады және финалдан кейін NXplorers «Ойлаудың жаңа технологиялары» атты тренинг өтеді.
18. Вебинарларға қатысу міндетті ме?
Иә, барлық команданың әр вебинарға қатысуы үшін 1 балл берілетін болады.
19. Команданың толық құрамы 2018 жылғы 2-3 қазанда өткізілетін финалдық іс-шараға қатыса алмаған жағдайда не істеу қажет?
Мұндай жағдайда команда осындай өзгеріс туралы ертерек ұйымдастырушыға хабар беруі қажет. Егер команда жобаны/шешімді қорғауға шақырылған болса, команда атынан кем дегенде екі студент - команда мүшесі мен капитан қатысуы қажет.
20. Егер команда соңғы кезеңге өтсе және шорт-параққа енгізілетін болса, қазылар алқасы алдында жобаны қорғау барысында моральдық қолдау үшін достарын, туыс адамдарын шақыруға бола ма?
Иә, егер сіздің командаңыз байқаудың шорт-парағына енгізілген болса, онда командалар өз достарын, туыстарын және/немесе оқытушыларын шақыра алады. Осындай жағдайда бұл жөнінде ұйымдастырушыларға ертерек хабарлау қажет (тіркеуден өту керек болады, ол туралы кейін хабарлайтын боламыз).
21. Егер команда 1-орынға ие болса, NXplorers «Ойлаудың жаңа технологиялары» аты тренингке қатысу үшін достарын, басқа университеттердің студенттерін шақыруға бола ма?
Тренинг байқаудың соңғы кезеңіне 8 қатысушы команда үшін ғана ұйымдастырылатын болады. Бірақ ұйымдастырушылар қорғауға келген 8 команда қатысушыларының санына байланысты басқа тұлғалардың қатысу мүмкіндігін қарастыра алады.
22. Байқау қатысушыларында ұйымдастырушы компанияларда немесе кез келген басқа мұнай-газ компаниясында жұмысқа орналасу немесе практикадан өту мүмкіндігі бола ма?
«Student Energy Challenge» байқауы қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа қабылдау процесі болып табылмайды және оған қатысу жұмысқа қабылдау кезіндегі бағаға әсер етпейді.