Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі

Энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу мәселелерін шешпей, Қазақстан экономикасын дамытатын тұрақты модель құру мүмкін емес. Осы саладағы шаралар жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып ынталандыру арқылы өнеркәсіп, электр энергетикасы, тұрғынүй-коммуналдық және көлік секторларын жаңартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстан билігі елдегі энергия ресурстарының қомақты қорына және дамыған энергетикалық инфрақұрылымға қарамастан, энергетикалық саясаттың негзігі басымдықтары дәрежесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытын таңдап отыр. Энергия сыйымдылығын азайту бойынша ЖІӨ 2020 жылға қарай ең кемі 40%–ға жеткіземіз деген өршіл міндет қойылды. 
Соңғы жылдары Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі болып тұр. Субъектілеріне 1500 т.у.т. астам энергия тұтынатын өндірістік кәсіпорындар, сонымен қатар муниципалдық мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар кіретін Мемлекеттік энергетикалық тізбені құру анағұрлым тиімді механизм болып табылад. МЭТ субъектілері мерзімді түрде энергетикалық тексеру жүргізуі тиіс, олардың негізінде энергия үнемдеу бойынша шаралар жоспары құрылады және іске асырылады. 
Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан саясат мыналарды көздейді: 
  1. өнім өндіру барысындағы энергия ресурстарын тұтыну саласындағы нормативтер;
  2. қуаттылық коэффициентіне қойылатын талаптар;
  3. жобалау құжаттамасына қойылатын жаңа талаптар;
  4. энергия тиімділігі саласындағы міндетті талаптарды көлікке, электр қозғалтқышына, әртүрлі типтегі ғимараттар мен құрылыстарға және архитектуралық шешімдерге қолдану;
  5. өнжірістің ірі кәсіпорындардағы энергия тиімділігін бағалауға энергетикалық аудит жүргізу бойынша талаптар;
  6. энергия аудиторлары мен энергия менджерлерін даярлайтын оқу орталықтарын ұйымдастыру;
  7. энергия сервистік келісімшарттар механизмдерін енгізу;
  8. қыздыратын шамды пайдалануға және энергия тиімділігі бойынша класы таңбаланбаған электртехникалық өнімдерді сатуға тыйым салу.
Энергия тиімділігі бөлігінде заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі түзетулер де енгізілді. 
Ағымдағы жағдайды тәуелсіз әрі объективті бағалау мақсатында және энергия үнемдеу және энергия тіимділігін арттыру саласындағы күрделі мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар жасау мақсатында «KAZENERGY» қауымдастығы Энергетикалық Хартия Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатына шолу» әзірледі. Шолуда экономика секторы бойынша энергия тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін қиындықтар мен тосқауылдар белгіленген және озық шетелдік тәжірибе ескерілген ұсыныстар ұсынылған. 
Нәтижесінде бүгін қабылданған жүйелік шаралардың жиынтығы ел экономикасын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ететін біртұтас энергия жүйесін қалыптастыруға, экологиялық жүктемені азайтуға, ЖЭК энергия балансына тартуға және энергиялық тиімді технологияларды енгізуге бағытталған.