Жаңармалы және баламалы энергия көздері

Жаңармалы энергия көздеріне деген дүниежүзілік сұраныс ұдайы өсуде. 2050 жылға қарай олардың ғаламдық энергетикалық балансы 35%-ға дейін өседі деп деп болжамдануда. Бүгінде іс жүзінде барлық дамыған елдерде жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағдарламасы құрылып, іске асырылуда. Бұл энергияның тиімділігі ресурстарының таусылмайтынына, энергия тасымалдағыштардың әлемдік нарығындағы баға жағдаятына тәуелсіздігі, сонымен қатар экологиялық тазалығына байланысты. 
ЖЭК негізгі басымдықтары  — таусылмайды және экологиялық таза. Осы сапасы шетелде жаңармалы энергетиканың жылдам дамуына себепші болды және оның жуырдағы онжылдықта дамуына оптимистік болжамдар жасалды. 
Осылайша бүгінгі күні ЖЭК болашақ энергетиканы дамытудың негізгі бағыты болып отыр. Қазақстанның осы энергияны пайдалануға қажетті барлық ресурстары бар. Елдегі, әсіресе оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығын ескерсек, ЖЭК қолданылуын ұлғайту туралы мәселе өткір болып тұр. 
Жаңармалы энергетика көміртекті экономикалық даму мен парниктік газ шығарындылары ауқымының тиісті өсуі арасындағы тарихи өзара байланысты жоюға, осы арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңармалы энергетика бастапқы энергия көздерін әрі қарай әртараптандыруға және қашықтағы өңірлерде энергетикалық қызметтерге қол жеткізуге көмектеседі. 
2009 жылы Қазақстанда ЖЭК қолдау туралы Заң қабылданды, 2014 жылы арнайы тарифтер бекітілді. . Қазақстан ЕО-да (және басқа да елдерде) жүзеге асырылған «белгіленген» тарифтер сызбасына сүйене отырып ЖЭК қолданылуын қолдайтын механизмді жасап шығарды. Қазақстандық қолдау механизмі 15 жылдық кезеңге кепілдікті бағамен электр энергиясын сатып алуға негізделген. Қазақстанның ЖЭК қолдау туралы заңы ұзақ мерзімді баға кепілдігін ұсына отырып, осыған сәйкес тарифтерді тек үш жылда бір рет қана тек жаңа жобалар үшін ғана түзететіндей етіп үкіметтің уәде етілген қолдау деңгейіне өзгерістер енгізу құқығын шектеп, инвесторларды жоғары деңгейлі тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. 
Бағдарламалық құжаттарда мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізу көзделген: 
үкіметтің жоспары бойынша күн және жел электр станцияларының үлесі 2020 жылға қарай 3 %–ды құрайды. ЖЭК, атомдық және гидроэлектрстанцияларын қоса алғанда, баламалы энергия түрлерінің жалпы үлесі 2030 жылға қарай 30%-ға дейін, 2050 жылға қарай %-ға дейін өседі; 
ЖЭК туралы қазақстандық заңнама инвесторларға арналған анағұрлым қолайлы тәсілдерді және регламенттелетін тұрақтылықтың жоғары деңгейін және инвесторлар үшін алдын ала болжай білу тәсілдерін көздейді. 
Жаңармалы көздерді пайдаланып өндірілген электр энергиясының үлкен көлемін жүйеге интеграциялау қиындықтары мен ағымдағы шығындарды әлемнің басқа елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып түсіндіруге болады. Қазақстандағы ЖЭК әлі де енгізудің ерте сатысында және осындай қиындықтарға ұшырауда.  
Осылайша Қазақстанда арзан көмірдің үлкен қоры және ірі көмір электр станциялары кешені бар екенін ескерсек, еліміз келесі жиырмажылдықта көмір отынын қолданады, десек те электр энергиясын өндірудегі көмірдің үлесі бара-бара азая бермек.