«Кәсіби стандарттарды әзірлеу тәсілдері мен әдістемесі» семинары туралы
Еліміздің жаңа саяси бағыты - Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз ету үшін сапалы кәсіби стандарттарды әзірлеу қажеттілігі аталып өткен болатын.
Қазақстанда «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығындағы кезеңде 480 кәсіби стандартты әзірлеу жоспарланған.
Кәсіби стандарттар бойынша жұмыстарды жүйелендіру мақсатында KAZENERGY қауымдастығы (Қауымдастық) базалық құжаттарды: мұнай-газ саласы мамандықтарының тізбесін, Мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия салаларындағы біліктіліктердің салалық шеңберін (БСШ), мұнай-газ саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеудің 2018-2020 жыдарға арналған алдын ала жоспарын дайындады.
Ағымдағы жылғы 8-9 ақпанда Қауымдастық Ernst & Young компаниясымен бірлесіп, «Кәсіби стандарттарды әзірлеу тәсілдері мен әдістемесі» семинарын өткізді. Семинарға 20-дан астам мұнай-газ компаниясының және оқу орындарының өкілдері қатысты.
Семинар шеңберінде кадр әлеуетін арттырудың халықаралық тәжірибесі, оның ішінде мұнай-газ саласының еңбек нарығындағы тәжірибесі де, дүниежүзінде біліктілік жүйесін дамытудың жаһандық трендтері, кәсіби стандарттар әзірлеу әдістемесі, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы кәсіби стандарттады әзірлеу әдістемесі қаралды. Сонымен қатар қатысушылар кәсіби стандартарды әзірлеу бойынша практикалық жаттығулар орындалған болатын. Семинар қорындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар алды. Қауымдастық біліктіліктердің салалық жүйесін, оның ішінде БСШ дамыту мәселелері бойынша барлық жұмыстарды Кәсіби стандарттары әзірлеу және ресімдеу бойынша жаңа әдістемелік ұсынымдар бекітілгеннен кейін жалғастыратын болады.