top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» командаларының бейне түйіндемелерін іріктеу туралы

2017 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы өткізіп келе жатқан «Student Energy Challenge» байқауы шеңберінде «Шелл Қазақстан» компаниясымен әріптестікте және оның қаржылық қолдауымен 2021 жылдан бастап ҚР колледждерінің студенттері үшін «Student Energy Challenge-Junior» (байқау) жобасы іске асырылып келе жатыр.

Байқаудың шарттары бойынша колледждер командаларына байқау бағыттары бойынша идеялардың креативті шешімін және олардың энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және оларды қайта өңдеу және т.б. саласында іске асырылуын сипаттайтын бейне түйіндемелерді дайындау қажет.

Биыл Қазақстанның 8 өңірінің 12 колледжінен 28 бейне түйіндеме қабыданды. Іріктеу комиссиясы 2023 жылғы 12-23 маусым аралығында жұмыстарды бағалады, нәтижесінде келесі кезеңге 110-нан астам балл жинаған 20 команда іріктелді.
Байқаудың соңғы кезеңіне өткен командалар ағымдағы жылғы 7 тамызға дейінгі мерзімде таңдалған тақырыптар бойынша жобалардың паспорттарын әзірлеуге кіріседі.

ҚР 12 колледжінің финалист 20 командасының тізімі:

1. Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі, Павлодар қаласы
«Energy group», «U2»
2. С.Мұқашев атындағы Атырау Политехникалық колледжі
«Platinum», «FutureTech», «BlumBin», «Energy life»
3. И.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college», Талдықорған қаласы
«DREAM TEAM», «INFINITY»
4. Радиотехника және байланыс колледжі, Семей қаласы
«Альянс», «Абай жастары»
5. Электротехникалық колледж, Семей қаласы
«Абай Energy»
6. Атырау Жоғары колледжі APEC PetroTechnic
«А Victory», «Newera»,
7. Жоғары көлік және коммуникация жоғары колледжі, Астана қаласы
«MONOLIT», «Green energy group (GEG)»
8. Орал политехникалық колледж
«Oral Energy»
9. Қарағанды жоғары политехникалық колледжі
«Мы только учимся»
10. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі
«ECO.COM»
11. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Орал қаласы
«West Energy»
12. «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі, Астана қаласы
«DCgroup»


Командаларға сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушылар
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.