top
top
Жаңалықтар

Колледж студенттері мен «Student Energy Challenge-Junior» байқауының қатысушыларына арналған Shell NXplorers тренингісі туралы

2023 жылғы 10-11 шілдеде «Student Energy Challenge-Junior» байқауының ұйымдастырушылары ұсынылған ҚР 12 өңірінің колледждерінен 20 командаға арналған «Shell NXplorers» тренингісін өткізді.

«Shell Nxplorers» – бұл жастарды позитивті өзгерісті жүзеге асыру үшін қажетті кешенді және креативті ойлаумен таныстыратын STEM саласындағы Шелл компаниясының білім беру бастамасы.

Тренинг барысында қатысушылар проблеманы табуға және белгілеуге, күрделі міндеттерді шешуде позитивті өзгерістерді жүзеге асыру үшін командада ынтымақтастық орнатуға және өзара іс-қимыл жасауға үйренді. Екі күндік онлайн бағдарлама қатысушыларға күрделі міндеттерді шешудегі жүйелі тәсілді, жобалардың паспорттарын әзірлеу кезінде жаңа білім қолдану мүмкіндіктерін және байқау бағыттары бойынша креативті идеялардың туындау және сапалы жұмыстар дайындау тәсілдерін түсінуге мүмкіндік берді.

Командаларға, тренинг қатысушыларына «Shell NXplorers» сертификаттары мен қосымша 2 балл берілетін болады.
Қазіргі уақытта командалар жобалардың паспорттарын әзірлеуге кірісті. Жоба жұмыстарын тапсыру мерзімі ағымдағы жылғы 7 тамызға дейін.

Командаларға сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушылар
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.