top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» байқауының финалына өткен командалар туралы

2017 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясының әріптестігімен және қолдаумен өткізіп келе жатқан «Student Energy Challenge» байқауы шеңберінде 2021 жылдан бастап ҚР колледж студенттері үшін «Student Energy Challenge-Junior» (Байқау) жобасы іске асырылуда.

Байқау шарттары бойынша колледж командалары энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу және т.б. саласындағы байқау бағыттары мен оларды іске асыру бойынша креативті шешімдерін сипаттайтын бейне түйіндемелерін дайындады.
Биыл Қазақстанның 8 өңірінің 12 колледжі өкілдерінің командаларынан 28 бейне түйіндеме қабылданды. Іріктеу комиссиясы командалардың бейне түйіндемелерін 2023 жылғы 12-23 маусым аралығында бағалады, нәтижесінде келесі кезеңге 110 балдан жоғары алған 20 команда іріктелді.

А.ж. 26 маусым мен 7 тамыз аралығында командалар өздерінің жобалау жұмыстарымен жұмыс жасады. Белгіленген мерзімде 18 команда өз жобаларын ұсынды және 2023 ж. 28-29 тамыз аралығында онлайн форматында өтетін байқау финалында қорғау үшін презентацияларын әзірлеуге кірісті.

ҚР 11 колледжінің 18 финалист командасының тізімі:

№ Команда атауы Колледж атауы
  1. «Energy group» «Инновациялық Еуразиялық Университетінің Жоғары колледжі», Павлодар қаласы
  2. «А Victory» «Apec Petro Technic» жоғары колледжі, Атырау қаласы
  3. «BlumBin» «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі», Атырау қаласы
  4. «DCgroup» «Astana Polytechnic» жоғары колледжі, Астана қаласы
  5. «DREAM TEAM» І.Жансүгіров атындағы «Zhansugurov college», Талдықорған қаласы
  6. «Ecocom» «Алматы энергетика және электронды технологиялар мемлекеттік колледжі», Алматы қаласы
  7. «Energy life» «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі», Атырау қаласы
  8. «FutureTech» «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі», Атырау қаласы
  9. «INFINITY» І.Жансүгіров атындағы «Zhansugurov college», Талдықорған қаласы
  10. «Newera» «Apec Petro Technic» жоғары колледжі, Атырау қаласы
  11. «Oral Energy» «Орал политехникалық колледжі», Орал қаласы
  12. «Platinum» «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі», Атырау қаласы
  13. «U2» «Инновациялық Еуразиялық Университетінің Жоғары колледжі», Павлодар қаласы
  14. «Абай Energy» «Электротехникалық колледж», Семей қаласы
  15. «Абай жастары» «Радиотехника және байланыс колледжі», Семей қаласы
  16. «АЛЬЯНС» «Радиотехника және байланыс колледжі», Семей қаласы
  17. «Мы только учимся» «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі», Қарағанды қаласы
  18. «MONOLITE» «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі», Астана қаласы

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.