top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» байқауының жеңімпаз командалары анықталды

Бүгін 2023 жылғы 29 тамызда «Student Energy Challenge-Junior» үшінші маусымының жеңімпаз командалары жарияланды.

Қазылар алқасы байқау қазылар алқасының төрағасы Светлана Темірташева, Роман Аглаков атынан «Шелл Қазақстан» компаниясының сарапшылары, Алан Бокаев атынан «Ecojer» ЗТБ және 2020,2021, және 2022 жылғы «Student Energy Challenger» байқауларының жеңімпаздарының өкілдері құрамында идеялардың жаңашылдығын, командалардың алға қарай ұмтылыстарын атап өтіп, байқаудың 4 жеңімпаз командасын жария етті.
  1. «DREAM TEAM» командасы, І.Жансүгіров атындағы «Zhansugurov college», Талдықорған қаласы, жоба тақырыбы «Watery Absorbent»;
  2. «Абай Energy» командасы, «Электротехникалық колледж», Семей қаласы, жоба тақырыбы «Доступный биогаз»;
  3. «Energy life» командасы, «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» жоба тақырыбы «Выращивание экомикрогрина без почвы»;
  4. «АЛЬЯНС» командасы, «Радиотехника және байланыс колледжі», Семей қаласы, жоба тақырыбы «Пылеулавливатель и воздухоочиститель».
А.ж. 28 мен 29 тамызда Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Семей, Талдықорған қалаларынан келген 18 команда өкілдері түрлі саладағы әзірлемелерін онлайн форматта қазылар алқасының мүшелеріне таныстырды: «Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтынуда Smart технологиясын пайдалану (Smart Grid және т.б.), «Қар электр станциясы», «Тұрақты жол құрылысы үшін асфальтқа пластикті қайта өңдеуді біріктіру», «Парниктік газдарды тазарту», «3D принтерлерде пайдалану үшін пластикалық ПЭТ бөтелкелерді таяқшаларға қайта өңдеуге арналған машина жасау жобасы» және т.б.

Командаларды жеңіспен құттықтаймыз және 2023-2024 оқу жылында табыс тілейміз!

Анықтамалық: «Student Energy Challenge-Junior» байқауын «KAZENERGY» қауымдастығы 2021 жылдан бастап «Student Energy Challenge» шеңберінде және «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.

WhatsApp-Image-2023-08-28-at-10.05.jpg

WhatsApp-Image-2023-08-29-at-14.39.jpg

WhatsApp-Image-2023-08-29-at-14.36.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.