top
top
Жаңалықтар

Жаңа кәсіптер атласын әзірлеу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

«Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасын әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында «KAZENERGY» қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «BTS Education» ЖШС және «ARG Group LTD» ЖШС арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды.

Тараптар трендтерді және олардың мұнай-газ саласындағы кәсіптердің өзгеруіне әсерін анықтауға, таяу 10-15 жылға қажетті мамандықтар мен құзыреттерді болжауға бағытталған күш-жігерді шоғырландыруға, сондай-ақ кадрларды даярлауға мүдделі саланың негізгі оқу орындары мен кәсіпорындарын көрсете отырып, жаңа кәсіптерді оқшаулау бағдарламасын әзірлеуге ниеттеніп отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «KAZENERGY» қауымдастығы «BTS Education» ЖШС-мен бірлесіп салалық атласты құру бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн.

2019 жылғы желтоқсан айынан бастап бірлескен күш-жігермен видеоконференциялар мен өңірлердегі жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көшпелі кеңестер өткізілді, атап айтқанда: 40 кәсіпорыннан 200-ден астам адамның қатысуымен онлайн-сауалнама, мұнай-газ саласының 11 жетекші маманымен, топ-менеджерлерімен тереңдетілген сұхбат өткізілді, 60-тан астам сарапшы Skills Technology Foresight әдіснамасы негізінде «ҚР мұнай-газ саласын форсайт-болжау негіздері» тақырыбында курс оқыды, саланың 50 негізгі маманы пул-сарапшылардың құрамына кірді және трендтерді анықтау және жаңа, трансформациялаушы және ескірген кәсіптерді қалыптастыру бойынша технологиялық форсайт-сессияға қатысты.

Жобаның барлық кезеңдеріне Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін департаменттерінің басшылары, негізгі мұнай-газ компаниялары мен кәсіпорындарының (барлау, өндіру (бұрғылау), тасымалдау (сақтау), өңдеу (өткізу) менеджерлері мен жетекші мамандары, мұнай-сервис кәсіпорындары, «KAZENERGY» мүшелері мен серіктестері, сала ардагерлері, білім беру ұйымдарының (ЖОО, колледждер) және кәсіптік одақтардың өкілдері тартылды.

«KAZENERGY» қауымдастығын «BTS Education» ЖШС сарапшыларымен бірге ақпараттандыру мақсатында бірнеше мақала дайындап, жариялады: KAZENERGY ақпараттық-талдау журналында «Болашаққа қадам: мұнай-газ саласындағы жаңа мамандықтар атласын әзірлеу барысы туралы», #1 шығарылым (98) 2020, www.kazenergy.com ресми сайтында «Қазақстандық мұнай саласын қандай болашақ күтіп тұр: форсайттың алғашқы қорытындылары», KAZENERGY журналында «Мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлаудың жаңа келбеті», #3 шығарылым (99) 2020.

Салалық атласты құру жөніндегі жобаны іске асыру «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық, Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 39-тармағын орындау үшін жүзеге асырылады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.