top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» командаларының видеорезюмелерін іріктеу туралы

«KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Student Energy Challenge» мерейтойлық байқауының шеңберінде колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» (Байқау) жобасы алғаш рет өткізілгелі отыр.

«Student Energy Challenge-Junior» 3 кезеңнен тұрады, оның біреуінде Байқауға тіркеуден өткен командалар видеорезюме ұсынады.

2021 жылғы 1-19 шілде аралығында Іріктеу комиссиясы Қазақстанның 9 аймағынан 32 команданың, 17 колледж өкілдерінің видеорезюмелерін қарап, бағалады.

Нәтижесінде Іріктеу комиссиясы Байқау критерийлеріне сәйкес келетін 20 команданы финалдық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдады.

Байқау колледж студенттеріне экологиялық қауіпсіздік саласында энергетика, таза көмір технологиясы, озық технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу, шикі газды қайта өңдеу, СО2 шығарындыларын азайту және т.б. инновациялық идеяларды ұсынуға мүмкіндік береді.

27-28 шілде аралығында Байқаудың жартылай финалшыларынан құралған 20 командаға арнап «Shell Nxplorers» екі күндік онлайн тренингі өтеді. Тренинг бағдарламасында студенттер ойлаудың жүйелі түрлерімен, мәселелерді жан-жақты зерттеу және шешу, көшбасшылық әдістерімен танысады.

Қазіргі уақытта Байқаудың финалдық кезеңіне өткен командалар өздері таңдап алған тақырыптары бойынша жобалардың паспорттарын әзірлеуге кірісті.

20 финалшы командалардың тізімі:
  1. «Ecochem project» Павлодар химия-механикалық колледжі;
  2. «Шығысэнерго» Электр-техникалық колледжі, Шығыс Қазақстан облысы;
  3. «Политех» Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі;
  4. «Arbitrium» Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы;
  5. «Western Power» APEC PetroTechnic ЖШС Жоғары колледжі, Атырау облысы;
  6. «Clean path» Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы;
  7. «NewDay» Политехникалық колледж, Нұр-Сұлтан қаласы;
  8. «S.A.S.» APEC PetroTechnic ЖШС Жоғары колледжі, Атырау облысы;
  9. «Zhansugurov college» Жансүгіров колледжі, Алматы облысы;
  10. «Spark» Көлік және коммуникация жоғары колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы;
  11. «Smart students» Жоғары аграрлық-техникалық колледжі МКҚК, Батыс Қазақстан облысы;
  12. «Voltage step» Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжі;
  13. «Алтынкүрек» APEC PetroTechnic ЖШС Жоғары колледжі, Атырау облысы;
  14. «Pipe up» Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы;
  15. «Energy» Павлодар химия-механикалық колледжі;
  16. «IT ZH» Жансүгіров колледжі, Алматы облысы;
  17. «Safety first» Бөрілі колледжі, Батыс Қазақстан облысы;
  18. «Политех Атырау» Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі;
  19. «Экогруппа» Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы;
  20. TMNT Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі.
Командаларға сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушылар
Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2021 © Барлық құқықтар сақталған.