top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» командаларына арналған NXplorers тренингін өткізу туралы

Ағымдағы жылғы 27-28 шілде аралығында «Student Energy Challenge-Junior» байқауының колледж командалары үшін онлайн форматта «Shell NXplorers» тренингі өткізілді

Тренинг «Student Energy Challenge» мерейтойлық байқауы аясында бірінші кезең нәтижелері бойынша іріктеуден сәтті өткен Қазақстанның 7 өңірінің 20 командасының өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Тренинг бағдарламасын Шелл жастарға арнап жаңа ойлау тәсілін дамытуға көмектесу үшін әзірледі.
"Shell NXplorers" бағдарламасы аясында қатысушылар ойлаудың жаңа түрлерін игерді, жаһандық және жергілікті сын-тегеуріндерді қарастырды және NXplorers құралдарын пайдалану арқылы одан әрі шешу үшін проблемаларды анықтады.
Екікүндік тренингте интерактивті сессиялар, коллаборациялық платформалардағы жұмыстар және үй тапсырмалары қамтылды.

Тренингке қатысқан командаларға 5 балл беріледі, бұл балдар байқаудың келесі кезеңдерінде есепке алынады және барлық қатысушыларға «Shell Nxplorers» сертификаты беріледі.

«Student Energy Challenge-Junior» байқауының жүлде қоры 2021-2022 оқу жылына арналған ай сайынғы стипендияны қамтиды (команданың әрбір мүшесіне 10 ай ішінде):
1-орын – 40 000 тг.
2-орын – 35 000 тг.
3-орын – 30 000 тг.

«Student Energy Challenge» интеллектуалдық командалық байқауын 2017 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылық қолдауымен өткізіп отыр.

Командаларға табыс тілейміз! Ұйымдастырушылар.

фото 1 - тренинг колледжи.jpg

фото 2- тренинг колледжи.png

фото 3-треннинг колледжи.png

фото 4-тренинг колледжи.png

фто 5 -тренинг колледжи.png

фото 6 - тренинг колледжи.png

фото 7 - тренинг колледжи.png

фото 8 - тренинг колледжи.png

фото 9-тренинг колледжи.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.