top
top
Жаңалықтар

"Student Energy Challenge-Junior" қатысушылары NXplorers бағдарламасы бойынша жаңа дағдыларға машықтанды

Ағымдағы жылғы 7-8 шілде аралығында Шелл Қазақстан компаниясы "Student Energy Challenge-Junior" байқауының колледж-командаларына арналған "Shell NXplorers" тренингін онлайн форматта өткізді.

Тренинг Қазақстанның 9 аймағынан келген, бірінші кезең нәтижелері бойынша іріктеуден сәтті өткен 20 команда үшін ұйымдастырылды.

Тренингтің бағдарламасын студенттерге сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектесу мақсатында Шелл компаниясы әзірледі.
"Shell NXplorers" бағдарламасы аясында қатысушылар жаһандық және жергілікті сын-қатерлерді қарап, NXplorers құралдарын пайдалану арқылы одан әрі шешу үшін проблемаларды анықтады. Екі күндік тренингте интерактивті сессиялар, коллаборациялық платформалардағы жұмыстар және үй тапсырмалары қамтылды.

Тренингке қатысқан командаларға конкурстың келесі кезеңдерінде есепке алынатын 5 балл беріледі және барлық қатысушылар "Shell NXplorers" сертификатын алады.

2022 жылы конкурстың жүлде қоры жеңімпаздарға жобаларды одан әрі әзірлеу үшін грант түрінде ұсынылатын болады.
"Student Energy Challenge" зияткерлік командалық конкурсын 2017 жылдан бастап "KAZENERGY" қауымдастығы "Шелл Қазақстан" компаниясымен әріптестік ете отырып және оның қаржылық қолдауымен өткізіп отыр.

Командаларға сәттілік тілейміз! Ұйымдастырушылар.

1.jpg

2.jpg

3.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.