top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» конкурсының финалы туралы анонс

"Student Energy Challenge-Junior" байқауын ұйымдастырушылар командалық байқаудың 2022 жылғы 23-24 тамызда онлайн режимінде өтетін алдағы финалдық кезеңі туралы хабарлайды. Финал қарсаңында командалардың өнер көрсету тәртібін анықтау үшін онлайн-жеребе тарту рәсімі өтеді.

Конкурстың финалдық кезеңінде өз жобаларымен 11 колледжден Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Орал, Атырау, Талдықорған, Семей қалаларынан 14 команда шақырылды.

Конкурс колледж студенттеріне цифрландыру, жаңартылатын және баламалы энергетика; ресурстарды тұрақты пайдалану және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту; қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу және т. б. салаларда өздерінің инновациялық идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді.

Колледждер арасындағы жеңімпаз командаларына өз жобаларын одан әрі әзірлеу үшін грант беріледі.

Анықтама: KAZENERGY қауымдастығы 2017 жылдан бастап "Шелл Қазақстан" компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылық қолдауымен өткізетін "Student Energy Challenge" зияткерлік байқауы шеңберінде (ұйымдастырушылар) колледж оқушылары арасында "Student Energy Challenge-Junior" екінші маусымы өтіп жатыр.

Конкурс туралы толығырақ мына сайтта: www.kazenergy.com - Білім беру бағдарламасы - Командалық байқаулар

Командаларға сәттілік тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.