«KAZENERGY» қауымдастығы және Шелл Қазақстан компаниясы атынан «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауын ұйымдастырушылар ағымдағы жылғы 23-24 тамызда онлайн режимде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Орал, Атырау, Талдықорған, Семей қалаларынан келген 11 колледждің 14 командасының қатысуымен Қазақстан Республикасы бойынша колледж оқушылары арасында «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауының екінші маусымының финалын өткізді.
Конкурстың тақырыптары энергетика, қоршаған ортаны қорғау, экология және цифрландыру салаларын қамтитын идеяларды әзірлеуге бағытталған.
Финал қарсаңында командалардың өнер көрсету тәртібін анықтау үшін онлайн-жеребе тарту өткізілді.
Конкурстық қазылар алқасының құрамына Шелл Қазақстан компаниясының өкілдері және өткен жылдардағы «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаз командаларының капитандары кірді.
Талқылау қорытындысы бойынша «Student Energy Challenge-JUNIOR» екінші маусымының келесі жеңімпаз командалары анықталды, оларға өз жобаларын зерттеуге грант ұсынылды:
«Student Energy Challenge-JUNIOR» 2022 ж.: жеңімпаз командалар
- «IT ZH» Zhansugurov College командасы - І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжі, г. Талдыкорган;
- «EcoLife» командасы - Геологиялық барлау колледжі КМҚК, Семей қ.;
- «Selestials of Zhansugurov college» командасы - І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжі, Талдықорған қаласы.
Конкурс туралы толық ақпарат
www.kazenergy.com сайтында - Білім беру бағдарламасы - Командалық байқаулар.
Поздравляем команды с победой!
