Кездесу барысында өңірдегі мұнай-газ саласын дамыту, битум нарығын реттеу, трансферттік баға белгілеу, газ құны, еңбек даулары және т.б. мәселелер талқыланды.
Әлібек Қуантыров өз сөзінде KAZENERGY әрқашан осы мәселелерге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ерекше маңызды бағыттар бойынша Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты негізде бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, Қауымдастық Жер қойнауы туралы және Экологиялық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бағытында біршама жұмыстар атқарды.
- сейсмикалық зерттеулердің нәтижелері бұрғылаудың орынсыздығын дәлелдейтін болса, ұңғымаларды бұрғылаудан бас тарту мүмкіндігі берілді;
- шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын қарау және бекіту мерзімдері ескерілген, шикі газды қайта өңдеуді дамыту жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже әзірленді және бекітілді;
- Мемлекет басшысының жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруын орталықтандыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде ҒЗТКЖ жобаларын салалық Ғылыми-техникалық кеңес бекітетін тетік қабылданды;
- сарқылу үстіндегі кен орын түсінігі, критерийлер және қарсы инвестициялық міндеттемелер енгізілді.
Сонымен қатар Қауымдастық сарапшылары көмірсутегі қорлары мен ресурстарының қазақстандық жіктемесін, жаңа Салық кодексін әзірлеуге, жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алу жүйесін жетілдіруге қатысуда.
Сондай-ақ Ә. Қуантыров KAZENERGY қызметінің тиімділігін арттыру үшін Қауымдастықтың жаңа Даму стратегиясын қабылдау жоспарланып отырғанын айтты.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұстафаев Мұрат, «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Елеусінов Марат, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қ. өкілдігінің әлеуметтік және ақпараттық саясат және қолдау департаментінің директоры Нұрдәулетов Аманғали, «Теңізсервис» ЖШС Бас директоры Бүркітбеков Мәди, «Тепке» ЖШС Бас директоры Қарамурзиев Беркін, «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС Бас директоры Бисембаев Талғат, «Кен-Сары» ЖШС және «Меербуш» ЖШС Бас директоры Ким Джин Джан, «Bektrans LTD» ЖШС Бас директоры Әкім Олжасбек, «Карьертау» ЖШС басшысы Сейдалиева Анар, «CASPI BITUM» БК» ЖШС Бас директорының бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Балтабаев Атымтай, «Қарақұдықмұнай» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Еңсегенов Насихат, «Dunga OperatingGmbH» филиалының Сыртқы байланыстар департаментінің директоры Максим Азаматов, «Бузачи Нефть» ЖШС Ақтау Филиалының Директоры Айтмұхан Мұратбек, «Табынай» ЖШС Директоры Әлжан Биомаров, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС Вице-президенті, өндіріс директоры Жоламан Әленов қатысты.
