top
top
Жаңалықтар

Мұнай-газ саласының кәсіптік біліктілігі жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті

2024 жылғы 22 қарашада Астанада мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Отырысты салалық кеңестің төрағасы, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина ашты.

Отырыста мұнай мен газды өңдеу және өткізу бойынша 11 кәсіптік стандарт, сондай-ақ мұнай мен газды тасымалдау және сақтау бойынша 13 кәсіптік стандарт келісілді. Сонымен қатар «Мұнай мен газды қайта өңдеу және өткізу» салалық біліктілік шеңберіндегі кәсіптік стандарттар бойынша кәсіптік біліктіліктерді тану үшін кәсіптер тізілімін нақтылау жөніндегі мәселені талқылау жалғасуда. Бүгінгі таңда «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңына сәйкес біліктілікті тану үшін 25 кәсіпті Кәсіптер тізіліміне енгізу ұсынылады. Біліктілікті тану орталығын құрудың бастамашысы Мұнай-химия қауымдастығы (Мұнай-газ, химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы») жақын арада келісілген ұстанымға қол жеткізу үшін Қазмұнайгаз және басқа да мүдделі тараптармен тығыз жұмыс істеуді жалғастырады.

Сондай-ақ ЕРДО АҚ «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын енгізуді таныстырды және нақты уақыт режимінде навигатордың жұмысын көрсетті.

Сонымен қатар Салалық кеңес 2025 жылы әзірленуі қажет қалған кәсіптерді, соның ішінде жарияланған жұмысшы кәсіптер жылы аясында анықтау үшін қолданыстағы біліктілік анықтамалықтарын талдау және талқылау қажеттілігін анықтады.
Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар ҚР ЭМ салалық департаменттерінің өкілдері, шақырылған мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіптік Біліктіліктің салалық жүйесін дамыту және саланың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша одан әрі қадамдар айқындалды.

4-ОС-22.11.24.jpg

3-ОС-22.11.24.jpg

1---ОС-22.11.24.jpg

ОС - общее фото.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.