KAZENERGY Хьюстон қаласында (АҚШ) өткен CERAWeek 2025 Халықаралық форумы аясында S&P Global компаниясы үшін EXia талдамалық платформасының таныстырылымын өткізді.
EXia - бұл деректерді жинаудан бастап болжау мен модельдеуге дейінгі бүкіл талдамалық циклды қамтитын энергетикалық секторды талдаудың кешенді құралы. Платформа Қазақстанның барлық мұнай-газ компаниялары бойынша деректерді қамтиды, бизнес пен реттеуші органдар үшін егжей-тегжейлі талдау мен болжамдарды ұсынады.
Таныстырылым барысында EXia-ның болашақта Қазақстан мен Каспий өңірінің энергетика саласындағы тәуекелдерді бағалау мен стратегиялық жоспарлаудың негізгі құралы ретіндегі маңыздылығы атап өтілді.
