top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫНЫҢ XII ФОРУМЫНДА

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов «Машина жасау - өңдеуші өнеркәсіптің даму драйвері» атты Қазақстан машина жасаушыларының XII форумына қатысты.

Форум машина жасау саласының даму бағыттарын талқылайтын маңызды алаңға айналды.

Қаралған негізгі тақырыптар:
  • Өндірістік роботтандыру мен автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыру;
  • Машина жасау кәсіпорындарын жүйелі қолдау шаралары;
  • Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және автокөлік жасауды дамыту;
  • ҚХР-мен машина жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Сала тұрақты өсуді көрсетуде:

2024 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісі 10%-ға артты, ал 2025 жылдың І тоқсанында бұл көрсеткіш 17%-дан асты. Бұл - мемлекеттік қолдаудың және бизнестің тиімді өзара іс-қимылының нәтижесі.

Форумда Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған құттықтау сөзді оқып берді. Онда машина жасау саласының ел экономикасының тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.

KAZENERGY қауымдастығы машина жасау саласын отын-энергетика кешеніне (ОЭК) жақын және бір-бірін толықтыратын сала ретінде дамытуды қолдайды. Бұл сала - еліміздің индустриялық және технологиялық прогресінің маңызды бөлігі.

Мемлекет, бизнес және кәсіби қауымдастықтардың бірігуі - жоғары технологиялық және қуатты өнеркәсіптік негізді қалыптастырудың басты кілті.

IMG-20250424-WA0016.jpg

IMG-20250424-WA0015.jpg

IMG-20250424-WA0014.jpg

IMG-20250424-WA0013.jpg

IMG-20250424-WA0012.jpg

IMG-20250424-WA0011.jpg

IMG-20250424-WA0010.jpg

IMG-20250424-WA0009.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.