top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY ЖӘНЕ «ШЕЛЛ» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов Қазақстандағы «Шелл» концернінің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанабимен кездесті. Кездесуге «Шелл» компаниясының негізгі елдер мен Намибиядағы геологиялық барлау жөніндегі вице-президенті Сюзанн Куган, сондай-ақ «Шелл Қазақстан» корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Айгүл Барменқұлова қатысты.

«Шелл» Қашаған және Қарашығанақ сияқты Қазақстандағы стратегиялық жобалардың акционерлерінің бірі, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысушылардың бірі болып табылады. Компания сонымен қатар геологиялық барлау саласындағы әртүрлі мүмкіндіктерді зерттеумен айналысады.

Кездесу барысында тараптар компанияның елде атқарып жатқан ағымдағы қызметін талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі бағыттарына тоқталды. Болат Ақшолақов «Шелл» делегациясын қошеметпен қарсы ала отырып, KAZENERGY-дің одан әрі сындарлы және өзара тиімді өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.

Әли әл-Жанаби Қазақстандағы «Шелл» басшылығының құрылымындағы өзгерістер туралы хабарлады. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы концерн төрағасының міндеттерін Сюзанн Куган атқаратын болады, ол сондай-ақ KAZENERGY қауымдастық Кеңесіне де кіретін болады.

Пікіралмасу барысында екіжақты өзара ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, KAZENERGY жанындағы «Энергия» талдау орталығы мен «Шелл» техникалық орталығы арасында сараптамалық ақпарат алмасуды күшейту, сондай-ақ Қауымдастықтың Әйелдер энергетикалық клубы шеңберіндегі іс-кимылды кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Шелл» басшылығы сондай-ақ еліміздің энергетика саласының негізгі оқиғалары – биылғы қазан айында өтетін Kazakhstan Energy Week-2025 және KAZENERGY Еуразиялық форумының жұмысын қолдауға дайын екендігін растады.

IMG-20250520-WA0004.jpg

IMG-20250520-WA0005.jpg

IMG-20250520-WA0006.jpg

IMG-20250520-WA0007.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.