top
top
Жаңалықтар

МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫҢ ДАМУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

KAZENERGY қауымдастығында мұнай-газ-химия жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналған жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесуге мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, компаниялардың және EPC-мердігерлердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қазақстандық кәсіпорындарды тарту шараларын, сондай-ақ жергілікті қамту үлесін арттыру жолдарын талқылады. Бұл ретте Атырау облысында газ-химия кешенін салу жобасының екінші кезеңіне ерекше назар аударылып, «Силлено» компаниясы құрылыстың қазіргі жайын баяндады. Сондай-ақ, EPC-мердігерлер Tecnicas Reunidas және Tecnimont компаниялары да өздерінің жергілікті қамту үлесін арттыру жоспарларымен бөлісті.

Отырыс қорытындысы бойынша отандық мұнай-газ химиясы секторын тұрақты дамыту үшін мемлекет, бизнес және мердігер ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

DSC02204.JPG

DSC02237.JPG

DSC02206.JPG

DSC02216.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.