top
top
Жаңалықтар

ЭТАН ЖӘНЕ ПРОПАН ТАСЫМАЛЫ БОЙЫНША ТЕХРЕГЛАМЕНТ ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

KAZENERGY қауымдастығында ҚР «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық этанқұбырлар мен пропанқұбырларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиынға Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз», «KMG PetroChem», «Қазстандарт», «ҚазТрансОйл», СИБУР компаниясының және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Техникалық регламентті әзірлеу қажеттілігі «KMG PetroChem» ЖШС жүзеге асырып жатқан стратегиялық инвестициялық жоба – «Атырау облысында бірыңғай дәлізбен өтетін магистральдық құбырлар (этан, пропан) құрылысы» аясында туындап отыр. Бұл жоба ТМД аумағында алғаш рет жүзеге асырылып жатқан бірегей бастама болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай нысандардың ерекшеліктерін реттейтін нормативтік құжаттар жоқ.

Кеңес барысында қатысушылар техникалық регламентті әзірлеу барысын және оның мазмұнына қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Қол қойылған шартқа сәйкес, құжаттың әзірлеушісі ретінде «Қазстандарт» анықталды. Техникалық регламентті 2026 жылы қабылдау жоспарланып отыр.

IMG-20250827-WA0008.jpg

IMG-20250827-WA0007.jpg

IMG-20250827-WA0006.jpg

IMG-20250827-WA0003.jpg
Астанада RES EXPO 2026
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.