top
top
KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры
ИБРАШЕВ
ИБРАШЕВ КЕНЖЕБЕК НИЯЗҰЛЫ

1958 жылы Қазақ КСР, Гурьев облысы, Балықшы ауылында туған.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары
И.М. Губкин ат. Москва мұнай-газ және газ өнеркәсібі институты (1981), мамандығы «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау».
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі
  • Техника ғылымының кандидаты;
  • «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағы;
  • «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы, 2008 ж.;
  • Қашаған мұнай-газ кен орнын алғаш ашушы, 2018 г.;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, мамыр 2021 ж.;
  • Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі, мамыр 2021 ж.

Еңбек қызметі
  • Еңбек жолын мұнай барлау экспедициясынан бастап, ірі мұнай-газ компанияларының басшысына дейін көтерілді.
  • Қазақстандық және халықаралық мұнай өндіру және барлау компанияларында жұмыс істеді:
  • «Қазақстанкаспийшельф» АҚ;
  • Agip KCO;
  • «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ;
  • «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.
  • Мұнай-газ өнеркәсібіндегі жалпы жұмыс өтілі – 36 жылдан астам.

Басқа қызметі:
  • «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2009);
  • Британия Директорлар институтының сертификатталған директоры, Cert IoD (12.2013).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары
  • ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені, ҚР Президентінің 2016 жылғы 05 желтоқсандағы Жарлығы;
  • "Парасат" ордені, ҚР Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы Жарлығы;
  • "Құрмет" ордені, ҚР Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы Жарлығы.

Ғылыми, әдеби еңбектері, мақалалары:
  • "Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай-газ кен орындарын игеру" кітабының бірлескен авторы.

Қосымша ақпарат
Үйленген, екі қызы бар.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2023 © Барлық құқықтар сақталған.