
ТИМУР АСҚАРҰЛЫ ҚҰЛЫБАЕВ
1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).
1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі – экономист.
Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Бірқатар ғылыми еңбектері мен өнертабыстары бар.
1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).
1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі – экономист.
Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Бірқатар ғылыми еңбектері мен өнертабыстары бар.
Еңбек жолы:
- 1988-1990 жж. – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ);
- 1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры Ғылыми-консультациялық орталығының директоры;
- 1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің жетекшісі.
- 1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі бақылау кеңесінің төрағасы, несие комитетінің мүшесі;
- 1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының жетекшісі.
- (төраға орынбасарының құқығында);
- 1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-тың экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.
- 1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.
- 2001-2002 жж. – «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының базасында құрылған «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директоры;
- 2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компанияларының бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті;
- 2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі;
- 2006-2007 жж. – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- 2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- 2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.
- 2011-2014 жж. – «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
- 2005 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы;
- 2013 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы.
Спорттық мекемелер:
- 2004-2018 жж. – «Қазақстан Республикасы Ұлттық гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Федерация Кеңесінің құрметті мүшесі;
- 2009-2019 жж. – «Қазақстандық бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;
- 2010-2015 жж. – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігі Атқарушы комитетінің мүшесі;
- 2012-2018 жж. – Халықаралық бокс ассоциациясы (AIBA) Атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президенті;
- 2012-2016 жж. – «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қазақстандық конфедерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
- 2014-2015 жж. – «Спорт Аккорд» халықаралық конветінің (SportAccord International Convention) Мульти-спорттық ойындар жөніндегі төрағасы.
- 2014-2018 жж. – Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі (ANOC);
- 2016-2019 жж. – «Қазақстан Республикасының су спорты түрлері федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;
- 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің төрағасы;
- 2016 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті (ОСА);
- 2017 жылдың сәуірінен бастап – Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік дамыту комиссиясының мүшесі (IOC PASD);
- 2018 жылдың қараша айынан бастап – Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының Атқарушы комитетінің мүшесі (ANOC);
- 2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі төралқасының мүшесі;
- 2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстандық бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің Құрметті Президенті.
Қамқоршылар кеңестері:
- 2011-2017 жж. – «Назарбаев қоры» жеке қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
- 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Арыстан» (Талғар қ.) мамандандырылған лицей қамқоршылар кеңесінің төрағасы;
- 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» қамқоршылар кеңесінің мүшесі
- 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «РАФММИ түлектері қоры» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі, және О. Жаутықов атындағы дарынды балаларға арналған ФАФММИ-ның қамқоршылар қорының мүшесі.
- 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің қамқоршылар қорының мүшесі.
Халықаралық және шетелдік компаниялар:
- 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) қазақстандық ұлттық комитетінің төрағасы;
- 2010-2014 жж., 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің тең төрағасы.
- 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Газпром» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Қазақстан компаниялары директорларының кеңестері:
- 2006-2007 жж., 2008-2011 жж. – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) директорлар кеңесінің төрағасы;
- 2006-2007 жж., 2009-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
- 2008-2012 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
- 2009-2011 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- 2009-2011 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- 2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Қазақстан Республикасының наградалары:
- «Құрмет» ордені (2001 ж.)
- Үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 ж.)
- Бірінші дәрежелі «Барыс» ордені (2014 ж.)
- «Қазақстан Конституциясына–10 жыл» мерекелік медалі (2005 ж.)
- «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008 ж.)
- «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.)
- «ҚР Тәуелсіздігіне-25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.)
Ресей Федерациясының наградалары:
- «Дружба» Ресей ордені (2007 ж.)
- Ресей мүфтилер кеңесінің «Аль-Фахр» ордені (2010 және 2016 жж.)
- II дәрежелі «Русской Православной Церкви Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПШ, 2010 ж.)
- «Құрметті теміржолшы» медалі (2011 ж.)
Қосымша мәліметтер:
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген
Хоббиі – гольф, тау шаңғысы, футбол.
Отбасылы (жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева – 1967 ж.т.), үш бала – бір ұл, екі қыз (ұлы 1990 ж.т., қыздары 2004 және 2010 ж.т.) тәрбиелейді.