Қауымдастық Кеңесі – Қауымдастықтың Төрағасымен басқарылатын сабағаттық-кеңесші орган болып табылады.
Қауымдастық Кеңесінің функциялары:
Қауымдастық Кеңесінің функциялары:
- Қауымдастық қызметінің басым бағыттарын анықтайды;
- Қауымдастықтың даму стратегиясын алдын ала мақұлдайды;
- Қауымдастықтың жылдық жұмыс жоспарын бекітеді және оған өзгертулер енгізеді;
- Қауымдастықтың бюджетін, сондай-ақ Үйлестіру кеңестерінің бюджеттерін басқару және орындау бойынша қаржылық есептілікті қарайды және бекітеді;
- Қауымдастықтың жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітуді жүзеге асырады;
- Қауымдастықтың келесі мәселелер бойынша ішкі құжаттарын бекітеді: Қауымдастыққа мүшелер қабылдау және мүшелік жарналар салу тәртібі; жылдық бюджетті әзірлеу, келісу, бекіту және орындалуына мониторинг жасау тәртібі; Қауымдастықтың сабағаттық қызметтерді сатып алуы; Қауымдастық мүшелерінің жұмыскерлерін Қауымдастыққа іссапарға жіберу тәртібі; қызметтік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету тәртібі, соның ішінде құпия ақпаратқа жататын мәліметтер тізбесін қоса алғанда;
- Қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
- Қауымдастық Төрағасымен оның қарауына шығарылған мәселелер бойынша ұсыныстар береді;
- Қауымдастықтың қызметі бойынша ұсынымдар мен кеңестер береді;
- Қауымдастық Кеңесі туралы Қағидамен, Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысымен бекітілетін ішкі құжаттармен қарастырылған өзге функцияларды жүзеге асырады.