top
top
Атқарушы комитет
Атқарушы комитет Қауымдастықтың қызметіне ағымдағы басшылық ететін Қауымдастықтың алқалық атқарушы органы болып табылады, Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысына, Қауымдастық Төрағасына, Қауымдастық Кеңесіне есеп береді және олардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

Атқарушы комитеттің құзыретіне мыналар жатады:
  1. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы, Төрағасы және Кеңесі бекітетін құжаттарды қоспағанда Қауымдастықтың ішкі құжаттарын бекіту
  2. Қабылдануы оның құзыретіне жатқызылған ішкі құжаттардың жобаларын дайындауды және Қауымдастықтың уәкілетті органдарының бекітуіне шығаруды ұйымдастыру;
  3. Қауымдастық мүшелеріне оның қызметі туралы ақпараттың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
  4. Қауымдастықтың жылдық жұмыс жоспары мен бюджетінің жобаларын әзірлеу және Қауымдастық Төрағасымен келісе отырып оларды Қауымдастық Кеңесінің бекітуіне шығару;
  5. Қауымдастық мүшелері болып табылмайтын ұйымдармен әріптестік туралы шарт жасасу жөніндегі шешімдерді қабылдау;
  6. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне, Қауымдастық Төрағасының немесе Кеңесінің құзыретіне жатқызылмаған Қауымдастық қызметін қамтамасыз етудің өзге мәселелері бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ ағымдағы қызметіне жалпы жетекшілік ету және Қауымдастық Жарғысымен қарастырылған өзге мәселелерді шешу.


Қазіргі уақытта Атқарушы комитетінің мүшелері:

Ибрашев
Ибрашев Кенжебек Ниязұлы
KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры

«KAZENERGY» ЗТБ Атқару комитетінің қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады.
Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • Қауымдастығының Атқарушы директорлары;
  • Бухгалтерия;
  • Ішкі әкімшілік департаментінің;
  • Техникалық реттеу департаменті;
  • Қаржы директоры.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, қауымдастықтың Жарғысымен және ішкі актілерімен анықталған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Ноғайбай
Ноғайбай Заңғар Мақсұтұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • Қауымдастық және оның мүшелері қызметінің барлық мәселелері бойынша (бекітілген жобалар бойынша)заң жобалау жұмысы және нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптау;
  • Қауымдастық қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • заң департаменті
Абытов
Фархат Абытов
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • мұнай-газ саласын дамыту;
  • "жасыл энергетика" (жаңартылатын және баламалы көздер) жобаларын дамыту, оның ішінде салааралық сипаттағы мәселелерді талқылауды үйлестіру, сондай-ақ мұнай-газ секторының ірі компаниялары бастамашылық ететін ЖЭК гибридтік және өзге де жобаларын дамыту үшін реттеуші кедергілерді жою;
  • "энергетикалық көшу" процесінде мұнай-газ секторы компанияларының орнықты дамуы және экологиялық талаптарды арттыру саласындағы жұмыстар (төмен көміртекті даму, декарбонизация, ЕҚТ енгізу);
  • мұнай-газ химиясы және көмір химиясы жобаларын дамыту;
  • газ жобаларын дамыту;
  • геологиялық барлауға жаңа инвестицияларды қолдау және мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың қызметіндегі реттеуші кедергілерді жою;
  • ғылым, инновациялар, қазақстандық қамтуды дамыту, мұнай-газ саласындағы биржалық сауда;
  • Қауымдастықтың ЕАЭО-ны ұлттықтан жоғары реттеу мәселелеріне қатысуы бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде ұлттықтан жоғары реттеу мәселелеріне (мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары бөлігінде) жетекшілік етеді.
Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • Мұнай-газ саласын дамыту департаменті;
  • Экологиялық реттеу департаменті (мұнай-газ саласы бойынша мәселелер бөлігінде).
  • Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;
  • Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (мұнай-газ саласы бойынша мәселелер бөлігінде);
  • Ғылыми-техникалық кеңес;
  • "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті.
Қалменов
Қалменов Марат Ерғалиұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • энергетика саласын дамыту;
  • "жасыл энергетика" жобаларын дамыту (жаңартылатын және баламалы көздер);
  • "энергетикаға көшу" және экологиялық талаптарды арттыру процесінде электр энергетикасы секторлары компанияларының орнықты дамуы саласындағы жұмыстар (төмен көміртекті даму, декарбонизация, ЕҚТ енгізу);
  • тарифтік және өзге де реттеу, электр энергетикасы кәсіпорындарының қызметіндегі реттеушілік кедергілерді жою;
  • энергетика саласындағы ғылым, инновациялар және қазақстандық қамтуды дамыту;
  • ЕАЭО шеңберінде ұлттықтан жоғары реттеу (электр энергетикасының ортақ нарықтары);
  • Энергетика саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;
  • Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (энергетика саласы бойынша мәселелер бөлігінде);
  • "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасының Энергетика комитеті.
Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • Энергетика саласын дамыту департаменті;
  • Экологиялық реттеу департаменті (энергетика саласы бойынша мәселелер бөлігінде).
Құдабаев
Құдабаев Шафкат Серікұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • салық салу, трансферттік баға белгілеу, кедендік реттеу және табиғи монополияларды реттеу;
  • ЕАЭО шеңберінде ұлттықтан жоғары реттеу (ортақ нарықтар, кедендік реттеу);
  • Қауымдастық пен оның мүшелерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалау жұмысы және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптау (бекітілген жобалар бойынша);
  • қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру.
Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • Фискалдық реттеу департаменті
Қарашев
Қарашев Талғат Қалимбекұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • шетелдік және халықаралық ұйымдармен (Дүниежүзілік мұнай кеңесі, Дүниежүзілік энергетикалық кеңес, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік және т. б.) ынтымақтастықты дамыту;
  • Қазақстан энергетикалық аптасын, KAZENERGY Еуразиялық форумын және өзге де халықаралық іс-шараларды дайындау мен өткізу;
  • Қауымдастық жұмысының бағыттары бойынша бейінді халықаралық ұйымдарға кіру (Энергетика, экология, ресурстар мен қорларды басқару және т. б.);
  • тұрақты даму, декарбонизация, төмен көміртекті даму мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар мен донорларды гранттық және өзге де жобаларға тарту және қатысу;
  • ҚР энергетикалық даму және инвестициялар тарту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер мен есептер жүргізу;
  • ҚР-ның имиджін шетелде ілгерілету бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау және ҚР-ға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша алаңды ұйымдастыру (ҚР СІМ, Kazakhs Invest ҰК АҚ және басқалар);
  • құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру мақсатында халықаралық ұйымдарда тағылымдамаларды ұйымдастыру және оған қатысу.
Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • Халықаралық ынтымақтастық департаменті;
  • Баспасөз қызметі;
  • Хаттамалар.
Ахмурзина
Ахмурзина Ляззат Жексенбайқызы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • Кәсіптік оқыту;
  • мұнай-газ және энергетика кешеніндегі қазақстандық кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру;
  • үшжақты ынтымақтастық шеңберіндегі әлеуметтік әріптестік;
  • әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі;
  • кәсіптік-техникалық білім берудегі стандарттау және сертификаттау;
  • стипендиялық гранттар;
  • қайырымдылық және демеушілік;
  • Қауымдастықтың білім беру бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру.
Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
  • Адами капиталды дамыту департаменті;
  • Білім беру бағдарламалары департаментінің, сондай-ақ "KazEnergy" қоғамдық қорының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
  • Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;
  • "KAZENERGY" қауымдастығы жанындағы Жастар комитеті;
  • Қауымдастық жанындағы Ханымдар энергетикалық клубы.


Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2021 © Барлық құқықтар сақталған.