top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасының орындалуын және оны іске асырудың жаңа әдістерін талқылады

2 ақпанда KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЫҢ төралағымен Ғылыми-техникалық кеңестің «Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасы. Орындалуы және жаңа әдістері» атты отырысы өтті.

IMG_8811.jpg

Отырыстың күн тәртібіне Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасын іске асырудың өзекті мәселелері, саланың жалпы технологиялық міндеттерін шешудің жүйелі тәсілі, проблемалы мәселелерді өзектендіру және Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің жүйелі шешімдерін әзірлеу, сондай-ақ Ұлттық Ғылыми Кеңес шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы баяндама кірді.

Елбасының Шетел инвесторларының 26-пленарлы отырысында (2013 жылғы 22 мамырда) мұнай-газ секторының ірі компаниялары мен ұйымдарына «Shell» компаниясы бастамашылық жасаған «Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасында» (бұдан әрі – Жол картасы) белгіленген басым бағыттарды өндіруге қатысуды ұсынғаны белгілі.

ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Сатжан КАРИМОВ геохимиялық зертхананы (Атырау қаласындағы «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС базасында) және жынысөзекті зерделеу зертханасын (Ақтау қаласындағы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз») іске қосу бағдарламасының нәтижелері туралы қатысушыларға баян етті.

«Shell» компаниясының өкілі Анатолий ЛЕОНТЬЕВ өз сөз сөйлеуінде бағдарламаның бастапқы міндеттеріне екпін қойды. Оның негізгі міндеті – саланы бірлесіп технологиялық дамытудың практикасын енгізу, бұл, шын мәнінде, компания қызметінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бұдан басқа үкімет мұнай-газ өнеркәсібі компанияларымен ынтымақтаса әзірлеген, мұнай-газ техникалық бағдарламасымен (OG21) жасалған Саланы инновациялық дамытудың Норвег тәжірибесі пайдаланылғаны аталып өтті.

Ұлттық Ғылыми Кеңес шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы баяндаманы KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы орынбасарының кеңесшісі Раушан САРМУРЗИНА оқыды.

KAZENERGY қауымдастығының кеңесшісі Арман САТИМОВ отырыс қатысушыларына ҚР мұнай-газ кешенінің проблемалы мәселелерін өзектендіру және олар үшін жүйелі шешімдерді әзірлеу туралы баян етті. Институционалды жоба мұнай-газ саласының проблемаларын жүйелендіруге және мүдделі тұлғаларды қатыстыра отырып, шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Баяндамашы жоба фазаларын айқындап көрсетті, оларды іске асыру жобаны тиімді іске асыруға және үш жылдық негізде жүйелі зерттеулерді циклды жаңарту практикасын енгізуге мүмкіндік береді. Жобаны үш жылдан кейін қайта бастау – бұл осындай атқарылған жұмыс жоғалмай, жоба қатысушылары қайда белгіленетініне және қандай ұйымдық өзгерістер осы үш жыл ішінде жүзеге асырылатынына қарамастан жүйелі цикл жалғасу үшін міндетті және қажетті шарт. Зерттеу ұйымына басқарушы комитет, жұмыс комитеті және жоба қатысушылары кіреді. Осы үш сатылы құрылым проблемалар және сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп оларды шешу туралы ақпаратты тиімді және жедел түрде жинауға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша Арман САТИМОВ ұсынған жобаны іске асыру бойынша шешімді мақұлдау және мұнай-газ компанияларымен және мүдделі тұлғалармен қаржыландыру, техникалық ресурстар, шетел ресурстарымен және халықаралық дерекқормен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөнінде жұмыс жүргізу қабылданды.

IMG_8817.jpg
IMG_8822.jpg
IMG_8832.jpg
IMG_8855.jpg
IMG_8875.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.