top
top
Жаңалықтар

Қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

19 наурызда «KAZENERGY» қауымдастығының ағымдағы жылғы екінші Қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) өтті. Отырысқа Қауымдастыққа мүше компаниялардың өкілдері: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Қазақстан Коммуналдық Жүйелері» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнагаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Би Ви» қатысты.

Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіне:
1) «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін: - Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары; - Тарифтерді қалыптастыру қағидалары құқықтық актілерін талқылау және әзірлеу бойынша ҚР ҰЭМ ТМРБҚК жанындағы жұмыс тобының шеңберінде атқарылған жұмыс туралы есеп;

2) қағидалардың деректері бойынша табиғи монополистер субъектілерінің тізіліміне кіретін компаниялардың түзетулерін/ұсыныстарын талқылау кірді. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша көрсетілген Қағидаларға ұсыныстар/түзетулер пакеті қалыптастырылады, ол ҚР ҰЭМ ТМРБҚК-ға қарауға жіберілетін болады.

IMG_2043_.jpg

IMG_2059_.jpg

IMG_2048_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.