top
top
Жаңалықтар

Осы хабарламамен 2020 жылғы 24 қарашада сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін «KAZENERGY» қауымдастығының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің табиғи монополиялар ...

Осы хабарламамен 2020 жылғы 24 қарашада сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін «KAZENERGY» қауымдастығының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің табиғи монополиялар қызметін реттеу мәселесі бойынша кезекті отырысы (Zoom арқылы) өткенін хабарлаймыз.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері мен төмендегі Қауымдастыққа мүше компаниялардың өкілдері қатысты: «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС, «Қазақстан – Қытай Құбыры» ЖШС, «Азиялық газ құбыры» ЖШС, «У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.

Күн тәртібінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері көтерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды:
  1. Қауымдастыққа мүше компаниялардың барлық ұсынылған ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерделеу үшін ҚР ҰЭМ ТМР-ға жіберу;
  2. ҚР ҰЭМ ТМР қарау қорытындысы бойынша Қауымдастыққа мүше компанияларға хабарлау үшін Zoom арқылы кезекті отырыс өткізу.

WhatsApp-Image-2020-11-24-at-10.52.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.