top
top
Жаңалықтар

Экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтату Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндірісті  тоқтатуға әкеп соғады

2021 жылғы 14 қыркүйекте "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының мұнай-газ өнеркәсібі Комитетінің 37-ші отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар Комитеттің алдыңғы отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша есепті тыңдады. "Kazenergy" қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай "ҚР Салық кодексіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, мұнай өнімдерінің биржалық саудасы бойынша жұмыс барысы, сондай-ақ Экологиялық кодекс бойынша мәселелердің ағымдағы мәртебесі туралы айтып берді.

NCOC басқарушы директорының орынбасары Ермек Марабаев ӘҚБтК санкциясы ретінде экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруды қолдану мәселелері туралы айтып берді.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап ӘҚБтК-нің 328-бабына бір жыл ішінде эмиссиялар (ЛЗ шығарындылары мен төгінділері) нормативтерін жүйелі түрде (екі реттен артық) арттырғаны, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асырғаны не жоғары айыппұл (ЛЗ-ның артылған санына қатысты тиісті төлемақы ставкасынан 20 000%) қолдану түрінде ұзақтығы қатарынан үш сағаттан астам эмиссиялар нормативтерін екі есе арттырғаны үшін эмиссияның тиісті көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану жөніндегі экологиялық рұқсатты бір мезгілде тоқтата тұру арқылы жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде толықтыру қолданысқа енгізілді. Аталған әкімшілік құқық бұзушылықты сот қараса да, экологиялық рұқсатты тоқтата тұру мәселесі соттың қарауына жатқызылмаған, өйткені қолданылатын санкция баламалы болып табылмайды.
Ермек Марабаев экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндірістің міндетті түрде тоқтатылуына әкеп соғатынына алаңдаушылық білдірді. Демек, кәсіпорындардың кез-келген объектісінде бұл айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі.
Комитет Төрағасы Данияр Әбілғазин осы мәселе бойынша барлық мүдделі тұлғалармен кездесу ұйымдастыруды және ҚР Үкіметіне ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Қазақстандық отын қауымдастығының бас директоры Болат Әуетаев мұнай базаларын есептеу бақылау аспаптарымен жабдықтау және "ҰАТ"АҚ ЕБА-дан деректерді беру үшін абоненттік төлем алу туралы айтып берді..
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мұнай базаларында ЕБА орнату бойынша пилоттық жобаны қайтадан жүргізуге бастамашылық етуде. Мұнай базаларының иелері үшін басты проблема –тиісті жабдықты сатып алу, жабдықтың бағасы қымбат. Аталған мәселе бойынша жұмыс "Атамекен" ҚР ҰКП және "KAZENERGY" қауымдастығы шеңберінде де, сондай-ақ ведомстволардың жұмыс органдарының қызметі шеңберінде де жүргізілуде.
"ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ мұнай өңдеу және маркетинг Басқармасы Төрағасының орынбасары Данияр Тиесов мұнай өнімдері нарығының жұмыс істеуінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мұнай базаларында есепке алудың бақылау аспаптарын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Жұмысты "KAZENERGY" қауымдастығы ҚР ҚМ МКК, ҚР Қаржы министрлігі және нарық қатысушыларымен бірлесіп әрі қарай ҚР Үкіметіне жүгіну үшін жалғастыратын болады.

"Kazakhstan Petrochemical Industries" ЖШС Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары ҚР Үкіметінің 28.12.2015 ж. №1095 «Қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы...» қаулысына Пластмассаларды өндіру және көтерме сату сияқты бастапқы нысандардағы қызмет түрлерін енгізу қажеттілігі туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысының 5-бөлімінде осы қызмет түрлері ЭҚЖЖ-ға енгізілмеген. Осыған байланысты осы мәселені шешу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну туралы ұсыныс айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар жалпы қорытындыларды талқылап, ұсыныстарды іске асыру бойынша ұсыныстар берді.

IMG_2570.JPG

IMG_2543.JPG

IMG_2545.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.