top
top
Жаңалықтар

Қ. Тоқаев көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары" атты халықаралық конференцияға қатысты. Президент Қазақстан экономикасын төмен көміртекті трансформациялауға көшу батыл шараларды, үлкен қаржылық шығындарды және бүкіл қоғамның күш-жігерін шоғырландыруды талап ететінін атап өтті. Тоқаев елді ауқымды газдандыру, жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту әлеуеті және "жасыл қаржыландыру", сондай-ақ трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шаралар туралы айтты.

IHS Markit компаниясының Вице-президенті, Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Эргин өз сөзінде KAZENERGY Қауымдастығы WORLD ENERGY WEEK - 2021 және XIV KAZENERGY Еуразиялық форумында ұсынған "Ұлттық энергетикалық баяндама-2021"-де Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мүмкіндіктеріне айтарлықтай назар аударылатынын атап өтті. Атап айтқанда, Эргин "Қазақстанда энергетикалық көшуді жеделдету тиімділікті тұрақты арттырумен және Қазақстанның жаңартылатын көздерін толық ауқымды пайдаланумен қатар, энергетикалық секторда табиғи газды айтарлықтай пайдалануды талап етеді" деп есептейді.

Ергин.jpg
Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2021 © Барлық құқықтар сақталған.