top
top
Жаңалықтар

Хьюстонда Дүниежүзілік мұнай конгресі басталды

Конгресс 5-9 желтоқсан аралығында өтеді. 

Дүниежүзілік мұнай конгресі (бұдан әрі — WPC) - әлемдік мұнай-газ саласының жетекші ойыншыларының жаһандық кездесетін орны. Бұл дүниежүзілік мұнай конгресінің Тұрақты кеңесі өткізетін мұнай-газ индустриясындағы маңызды оқиға. Үш жылда бір рет бүкіл әлемнің мыңдаған мамандары осы форумға мұнай-газ өндірудің ең заманауи технологияларымен және осы бизнесті басқару әдістерімен танысу үшін жиналады.

Дүниежүзілік мұнай конгресі мен көрмесі дәстүрлі түрде мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың қызығушылығын тудырады. Биыл конгрестің негізгі тақырыбы "инновациялық энергетикалық шешімдер" болды. Конгресс және көрме қатысушыларына ұйымдастырушылар 5 жұмыс күнінен тұратын кең көлемді іскерлік бағдарламаны ұсынады, оның ішінде ғаламшар энергетикасын дамытудың жаһандық стратегиясын, мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылау, танысу сапарлары мен семинарлар, іскерлік кездесулер бар. Көрме бейіндері: мұнай, газ, мұнай-химия, мұнай-газ өндірудің заманауи технологиялары, жеткізу, сақтау, өңдеу әдістері және процестерді басқару.

Негізгі спикерлер Мохаммед Баркиндо, ОПЕК Бас хатшысы, Альпарслан Байрактар, Түркияның энергетика министрі, ханзада Абдель Азиз бен Сальман, Сауд Арабиясының Энергетика министрі, Майк Вирт, Chevron төрағасы және бас атқарушы директоры, АҚШ, Даррен Вудс, EXXONMOBIL корпорациясының төрағасы және бас атқарушы директоры, АҚШ, Андрес Опедал, СЕО және Норвегия Эквинорының Президенті және басқалары.
Қазақстандық делегация конгресс алаңында 7 желтоқсанда Министрлік конференциясын өткізеді. Делегацияның құрамында Мұрат Жүребеков, Энергетика бірінші вице-министрі, Жамбыл Сәрсенов, маркетинг бойынша ДМК вице-президенті, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, Димаш Досанов, "ҚазТрансОйл" бас директоры, Кевин Лион, ТШО бас директоры бар.

Сондай-ақ, 23-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінде жеке тұлғаларды, салалық жобаларды бірқатар марапаттаулар өтеді. "SmartTranPro – парафинді мұнайды құбырлармен тасымалдау кезінде энергияны үнемдеу" бағдарламасымен Сәтбаев Университеті "Технологиялық даму бойынша WPCEA" санаты бойынша EXCELLENCE AWARDS финалистерінің бірі болды. Жеңімпаздар Конгресс өтетін күндері 6-9 желтоқсан аралығында жарияланады. WPC Excellence Awards (WPCEA) марапатының мақсаты - мұнай-газ саласында жұмыс істейтін компанияларды, мекемелерді немесе кез келген мемлекеттік немесе жеке ұйымдарды (жеке емес тұлғаларды) жоғары сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істегені үшін немесе жетістіктері үшін атап көрсету. Оған 130-дан астам ұсынылған жобалар қатысты.

Сондай-ақ, Пулитцер сыйлығының лауреаты, энергетика саласындағы жетекші сарапшы және "Жаңа карта: энергия, климат және ұлттар қақтығысы" кітабының авторы, IHS Markit вице-төрағасы Дэниел Ергин Дүниежүзілік мұнай кеңесінің ең жоғарғы наградасы - мұнай, газ және энергетика саласына қосқан ерекше үлесі үшін Дьюхурст сыйлығымен марапатталады. Бұл марапат Энергетика, халықаралық саясат және экономика саласындағы жетістіктері үшін беріледі.
Келесі Дүниежүзілік мұнай конгресін Канадада 2025 жылы өткізу жоспарланған.

c9bc7384-ef32-464d-9aba-7238c3f11cd2.jpg

Анықтама:
Қазақстан Дүниежүзілік мұнай кеңесіне 1997 жылы мұнай-газ өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен кірді және Пекин қаласындағы XV конгрестің жұмысына қатысты. 2008 жылғы маусымда Қазақстан KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен ДМК-ға мүшелігін қайта бастады. KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы болды.

Дьюхерст сыйлығын WPC Президенті әлемдік мұнай-газ және энергетика өнеркәсібіне ерекше әсер еткен және өмір бойы ерекше жоғары жетістіктерге қол жеткізген салалық көшбасшыға береді. Осы жетістіктерге қол жеткізген адам Дүниежүзілік мұнай конгресінде Дьюхерст дәрісін оқиды. WPC-тің 90 жылдық тарихында небары он адам Дьюхурст сыйлығының лауреаты болды.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.