top
top
Жаңалықтар

“Student Energy Challenge-Junior” командаларының видеотүйіндемелерін іріктеу туралы

2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Student Energy Challenge" мерейтойлық конкурсының шеңберінде "KAZENERGY" қауымдастығы "Шелл Қазақстан" компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен колледж студенттеріне арналған "Student Energy Challenge-Junior" (Конкурс) жобасын өткізеді.

«Student Energy Challenge-Junior» 3 кезеңнен тұрады, олардың біреуі конкурста тіркеуден өткен командалардың видеорезюмесін ұсыну болып табылады.

2022 жылғы 13-27 маусым аралығында Іріктеу комиссиясы Қазақстанның 9 өңірінен 18 колледждің 31 командасының видеорезюмесіне бағалау жүргізді.
Нәтижесінде Іріктеу комиссиясы конкурстың критерийлеріне неғұрлым сәйкес келетін 20 команданы финалдық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде іріктеу комиссиясы конкурстың критерийлеріне неғұрлым сәйкес келетін 20 команданы финалдық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдады

А.ж. 7-8 шілде аралығында конкурстың жартылай финалистерінің 20 командасы үшін "Shell NXplorers" екі күндік онлайн тренинг өтеді. "Shell NXplorers" тренингі қатысушыларға кешенді мәселелерді шешуде оң өзгерістерге қол жеткізу үшін құралдар мен әдіснаманы ұсына отырып, сыни ойлауды дамытуға арналған.

Қазіргі уақытта конкурстың финалдық кезеңіне өткен командалар өздері таңдаған тақырыптары бойынша жобалардың паспорттарын әзірлеуге кіріседі.

20 финалшы-командалардың тізімі:
  1. “Energy.PRO” Алматы мемлекеттік электр-механикалық колледжі;
  2. "IT ZH" Zhansugurov College” І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжі, Алматы облысы;
  3. “EcoLife” геологиялық барлау колледжі КМҚК, Шығыс Қазақстан облысы;
  4. “Атырау Политех” С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі;
  5. “RECYCLE” С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі;
  6. “ЖИТК жастары” Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі ОҒҚ, Батыс Қазақстан облысы;
  7. “Selestials of Zhansugurov college” І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжі, Алматы облысы;
  8. “Flash” Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі ОҒҚ, Батыс Қазақстан облысы;
  9. “PhysicsSkills” С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі;
  10. “World Rescuers” Алматы сән және дизайн колледжі КМҚК;
  11. «Фортуна» Алматы қаласы "Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі" КМҚК;
  12. “GUW” Каспий маңы заманауи жоғары колледжі, Атырау қаласы;
  13. “Green Team” Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі КМҚК, Батыс Қазақстан облысы;
  14. “Hydro” Талдықорған жоғары политехникалық колледжі МКК, Алматы облысы;
  15. “Спасатели” С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі;
  16. “Поколение ЭКО” Алматы сән және дизайн колледжі КМҚК;
  17. “ZhaStar” Алматы сән және дизайн колледжі КМҚК;
  18. “OralBasEnergy” Республикалық жоғары техникалық колледжі ММ, Батыс Қазақстан облысы;
  19. “Technicans” Нұр-Сұлтан қ. политехникалық колледжі;
  20. “Eco-forest” Қостанай жоғары политехникалық колледжі КМҚК.
Командаларға сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушылар
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.