top
top
Жаңалықтар

CERAWeek 2023 форумында қазақстандық делегациясының Chevron, ExxonMobil  басшыларымен және энергетика саласының басқа да әлемдік көшбасшыларымен кездесулері өтті

2023 жылғы 6 наурызда Хьюстон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан CERAWeek 2023 жаһандық энергетика форумына қатысу барысында KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашев ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов басшылығындағы қазақстандық делегация құрамында Chevron американдық корпорациясының Атқарушы Вице-президенті Найджел Хирнмен және ExxonMobil аға Вице-Президенті Нил Чапманмен келіссөздерге қатысты.
Тараптар Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жобаларды іске асырудың өзекті мәселелерін және ең ірі шетел инвесторларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Ең ірі әлемдік энергетика компанияларының басшылары 2023 жылы 3-6 қазан аралығында өтетін Kazakhstan Energy Week\XV Kazenergy Eurasian Forum-ына қатысу үшін Қазақстанға шақырылды.

Дүниежүзілік энергетика көшбасшыларымен кездесуге АҚШ-тағы ҚР Елшісі Ержан Әшікбаев, KAZENERGY қауымдастығының ең ірі мүшерелерінің басшылары: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов те қатысты.
2023 жылғы 7 наурыз күніне К.Ибрашевтің S&P Global CommodityInsights ақпараттық энергетика агенттігінің өкілдерімен (IHS Markit Ltd 2022 жылға дейін) қазақстандық «KAZENERGY-2023 Ұлттық энергетика баяндамасы» басылымын дайындауды талқылау жөніндегі келіссөздер жоспарланды.

Анықтама:
CERAWeek жыл сайынғы форумы әлемдегі барынша маңызды энергетика іс-шараларының бірі, жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, энергетика, қаржы, технологиялар мен өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдар басшылары пікірлерімен алмасатын және әлемдік энергетика болашағын, оның басымдылықтары мен оны одан әрі дамыту жолдарын айқындайтын шешімдер мен ұсынымдарды қабылдайтын ең ірі диалогтық алаң болып табылады.

KAZENERGY қауымдастығы — бұл үкіметтік емес, коммерциялық емес “KAZENERGY” Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі).
Қауымдастық 2005 жылғы 2 қарашада Қазақстанда мұнай-газ саласындағы кәсіпкерліктерді дамытуды қолдау үшін құрылған. Бүгінгі күні Қауымдастыққа 59 заңды тұлға - Қазақстандағы мұнай-газ саласы, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі компаниялары кіреді.

photo_2023-03-06_23-03-01.jpg

001.jpg

2b63ea9b-6721-420d-99a7-cc84b66db12a.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.