top
top
Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2023 жылғы 18 қыркүйекте 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінің шеңберінде осы күндері Калгариде (Канада) Dewhurst Awards (Дьюхерст премиясы) марапаттау рәсімі өтті. Мұнай және газ өнеркәсібі әлеміндегі беделді сыйлығына Saudi Aramco компаниясының бас директоры Амин Нассер ие болды.

Форумға қатысқан қазақстандық делегацияның өкілдері Насер мырзаны WPC Energy Қазақстан ұлттық комитетінің төрағасы және KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың атынан жоғары марапатқа ие болуымен құттықтады.
«Dewhurst сыйлығы сіздің ерекше жетістіктеріңіздің айғағы болып табылады және сіздің энергетикалық сектордағы прогреске және жетістікке жетудегі үздіксіз күш-жігеріңізді мойындайды. Сіздің жетістіктеріңіз болашақ ұрпақ үшін энергетика саласының болашағын қалыптастыратынына сенімдімін», - делінген құттықтауда.

WPC Energy Қазақстан ұлттық комитетінің басшысы Нассер мырзаның Saudi Aramco-ға көреген, жүйелі және жоғары тиімді басшылық етуі компанияны табысқа жеткізіп қана қоймай, энергетика саласының жаһандық ауқымдағы дамуына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

Тимур Кулибаев от лица Казахстанского национального комитета WPC Energy пригласил господина Амина Нассера посетить Казахстан для обсуждения возможностей расширения деловых связей ведущих энергетических компаний Казахстана и Saudi Aramco.

Тимур Құлыбаев WPC Energy Қазақстан ұлттық комитеті атынан Амин Нассер мырзаны Қазақстанның жетекші энергетикалық компаниялары мен Saudi Aramco арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылау үшін Қазақстанға келуге шақырды.

Анықтамалық: 1933 жылы Ұлыбританиядағы Мұнай институтының президенті Томас Дьюхерст (1881-1973) бірінші Дүниежүзілік мұнай конгресін ұйымдастырды. Кейіннен бұл сыйлық құрмет белгісі ретінде де, мұнай өнеркәсібіндегі нағыз көрнекті жетістіктерді, ғылыми-техникалық жетістіктерді танудың бір жолы ретінде де оның есімімен аталды.
Saudi Aramco президенті және бас директоры Амин Нассер оның көшбасшылығы мен әлемдік мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін WPC Dewhurst сыйлығымен марапатталды. Сонымен бірге Нассер мырза Дүниежүзілік мұнай кеңесінің 90 жылға жуық тарихында Дьюхерст сыйлығының он екінші лауреаты ғана болып табылады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.