top
top
Жаңалықтар

Қазақстан 2028 жылы WPC Energy конгресін өткізуге өтінімді жеңіп алды (Дүниежүзілік мұнай конгресі)

Лондонда KAZENERGY қауымдастығы атынан WPC Energy Қазақстан ұлттық комитеті Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (WPC Energy) басшылығымен кездесу өткізді. Іс-шараға KAZENERGY Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, WPC Energy Президенті Педро Мирас, Қауымдастықтың Бас директоры Әлібек Қуантыров, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, WPC Energy Вице-президенті Жамболат Сәрсенов, WPC Energy Бас директоры Пирс Ример қатысты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде техникалық қолдау, ғылыми зерттеулер және кадрларды даярлау мәселелерін талқылады.

✍️Келіссөздер қорытындысы бойынша 2028 жылы Астанада 26-шы WPC Energy конгресін өткізу туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстанның кандидатурасын қарастыру жөніндегі науқан аясында WPC Energy кеңесінің мүшелері ұлттық саланың жоғары даму деңгейін, оның әлемдік индустрия үшін маңыздылығын, Қазақстанның белсенділігі мен беделін атап өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Кеңестің барлық қатысушылары Астананың өтінімін бірауыздан қолдады (мұнай мен газдың әлемдік өндірісі мен тұтынуының 96%-ын құрайтын 57 ел).

✔️ҚР-да WPC Energy конгресін өткізу экономикаға мультипликативті әсер етіп, бизнес-климатты жақсартуға, мұнай-газ саласына инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға үлкен үлес қосады. Сондай-ақ мұнай-газ саласындағы сараптамалық коммуникациялардың дамуына, тәжірибе алмасу, мамандарды кәсіби даярлау саласында инновация енгізу және жаңа инвесторлар тартуға жағдай жасайды.

❕Конгресті қаржыландыру халықаралық демеушілік қаражатты тарту, делегаттық орындар мен көрме алаңдарын өткізу есебінен жүзеге асырылады. Іс-шарадан түсетін барлық ықтимал пайда қайырымдылық мақсаттарға, оның ішінде Атырауда мұнай мұражайын құру жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыруға немесе техникалық жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері үшін арнайы білім беру гранттарына бағытталатын болады.

Қазақстан мұнайының 125 жылдығын атап өту қарсаңында бұл тарихи жетістік KAZENERGY қауымдастығының Дүниежүзілік мұнай кеңесімен көп жылдық тығыз әріптестік орнатуы, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қолдау көрсетуі арқасында мүмкін болды.

⚡️WPC Energy конгресі - әлемдік энергетика және мұнай күн тәртібінің маңызды мәселелері талқыланатын беделді жаһандық алаңдардың бірі. Іс-шараға әдеттегідей мемлекет және үкімет басшылары, ірі корпорациялар мен салалық мемлекеттік органдар, Үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдар басшылары, сондай-ақ әлемнің жетекші сарапшылары қатысады.

Анықтама: WPC Energy конгресінің бір ғасырға жуық тарихы бар және 1933 жылдан бері өткізіліп келеді. Астанадағы конгресс Қазақстанда өткізілетін осындай көлемдегі алғашқы халықаралық мұнай-газ іс-шарасы болмақ. Бұрын Дүниежүзілік мұнай конгрестері Ұлыбританияда, АҚШ-та, Норвегияда, Қытайда, Бразилияда, Испанияда, Катарда, Ресейде, Түркияда және Канадада өткізілген. 2026 жылы Конгресс Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.

eba21773-33b0-461b-b7ce-703ac2b7fc95.jpg

b09c75a2-9c79-4ebf-b7b7-277fa5e22fe8.jpg

msg530479817-6839-(3).jpg

msg530479817-6838-(3).jpg

msg530479817-6837-(3).jpg

msg530479817-6836-(3).jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.